«Bare Metal» / «Арнайы серверлер қызметі» қызметін пайдалану шарттары
Осы құжат (әрі қарай – «Шарттар») «VK Cloud» Платформасы аясындағы «Bare Metal» / «Дербес серверлер қызметі» (әрі қарай — «Қызмет», «Сервис») қызметін пайдалану шарттары болып табылады.
Осы Шарттар интернет желісінде https://cloud.vk.ru/docs/ru/start/legal/offer/offer-agreement мекенжайы бойынша қолжетімді «VK Cloud» платформасының қызметтерін пайдалану туралы Шарттың (әрі қарай – «Шарт») ажырамас бөлігі болып табылады. Осы Шарттармен реттелмеген Тарапар қатынастарына Шарттың және Қолданылатын ережелердің қағидалары қолданылады.
Қызметті пайдалана отырып, Сіз РФ Азаматтық кодексінің 438-бабына сәйкес осы Шарттарды ешқандай шартсыз және толық көлемде қабылдайсыз.
1.1. Компания Тапсырыс берушіге VK Cloud Платформасы аясында Қызметке қолжетімділік көрсетуге міндеттенеді, бұл Тапсырыс берушіге дербес серверлердің есептеу қуаттарын пайдалану мүмкіндігін беруде болады, ал Тапсырыс беруші – көрсетілген Қызметті қабылдауға және оның ақысын төлеуге міндеттенеді.
1.2. Қызмет Тараптар келісілген дербес серверлердің конфигурациялары түрінде беріледі (әрі қарай – «Конфигурация»). Құны Конфигурацияға тұтасымен белгіленеді және оның құрамына кіретін жеке аппараттық құрамдастарға тәуелді емес. Таңдалған Конфигурация аясында жеке құрамдастарды беру немесе ауыстыру жүзеге асырылмайды.
1.3. Конфигурацияның сипаттамаларын (құрамын) өзгерту басқа Конфигурацияға көшуге әкеледі және Тараптармен бөлек келісіледі.
2.1. Қызметті қосу және құнды келісу тәртібі:
2.1.1. Қызметті қосуға мүдделі болған жағдайда Тапсырыс беруші кез келген қолжетімді тәсілмен Компанияға Қызметті қосуға сұраным жібереді (сұралған Қызметтер көлемін және қажетті Конфигурацияларды көрсете отырып).
2.1.2. Тапсырыс берушіге Қызмет көрсету мүмкіндігі техникалық және ұйымдық тұрғыда болған жағдайда Компания электрондық пошта арқылы Тапсырыс берушіге Қызмет бірлігінің құнын (Есептік кезеңге сәйкес Конфигурацияның құнын), Конфигурацияның сипаттамаларын және Қызмет көрсетуді бастау күнін көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс (әрі қарай – «ҚҰ») жібереді.
2.1.3. ҚҰ шарттарымен келісетіні туралы Тапсырыс беруші Жеке кабинеттегі Тапсырыс берушінің тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайын (немесе Тапсырыс берушінің өзге уәкілетті корпоративтік электрондық пошта мекенжайын) пайдалана отырып, жауап хат арқылы Компанияға ҚҰ шарттарының растауын жібереді.
2.1.4. Тапсырыс берушінің осы Шарттардың 2.1.3-тармағында көзделген тәртіпте Коммерциялық ұсынысты келістіру (растау, қабылдау) туралы Компанияға электрондық хабарлама жіберуі РФ Азаматтық кодексінің 438-бабының мағынасы бойынша осы Шарттарға саналы Акцепт болып табылады және Тапсырыс берушіге Қызметтер көрсетуді бастауға келісім білдіру дегенді білдіреді. Егер Тапсырыс беруші осы Шарттармен келіспесе, Тапсырыс берушінің Қызметті пайдалануға қақысы жоқ.
Тапсырыс беруші РФ Азаматтық кодексінің 432.1-бабының тәртібімен Компанияға ҚҰ-ны электрондық пошта арқылы қабылдайтын тұлғаның осы іс-әрекеттерді жасауға Тапсырыс беруші тарапынан тиісті түрде уәкілетті екендігін растайды.
2.1.5. Қызмет көрсетуді бастау күні Компанияның ҚҰ-да көрсеткен күні болып табылады.
2.1.6. Тапсырыс берушінің ҚҰ қолданылу мерзімі біткеннен кейін оны қабылдауы Тараптар арасында Қызмет көрсету жөніндегі құқықтық қатынастардың туындауына әкелмейді.
2.2. РФ салық заңнамасында қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемелерін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда Тарапар осындай өзгерістерді Тараптар қатынастарына олардың күшіне ену күнінен бастап Қызметтер құнын ҚҚС мөлшерлемелерінің өзгеру мөлшеріне сәйкес өзгерту жолымен автоматты түрде қолдануға келіседі. Сонымен бірге Тарапар ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты Қызметтер құнының өзгеруі РФ салық заңнамасындағы тиісті өзгерістердің күшіне ену күнінен бастап қосымша келісім жасау қажеттілігінсіз және Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар етпей қолданылатынын мойындайды.
2.3. Есептік кезеңге Қызметтің құны дербес серверлердің Тапсырыс беруші тарапынан нақты пайдаланылу көлеміне (Есептік кезең ішіндегі дербес сервердің жұмыс уақытына) тәуелді емес және Шарттардың 2.1-тармағындағы тәртіпте келісілген Есептік кезеңге бекітілген төлемнен тұрады.
2.4. Толтырылмаған Есептік кезеңге Қызметтің құны Компания тарапынан Есептік кезеңде Қызмет көрсетілген күнтізбелік күндердің санына пропорционалды түрде есептеледі.
2.5. Қызметтерді қабылдау және ақы төлеу мақсаттары үшін Есептік кезең күнтізбелік ай болып табылады.
2.6. Қызметке ақы төлеу Есептік кезең аяқталған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде, Тапсырыс берушіге шот және әмбебап беру құжаты (әрі қарай – «ӘБҚ») түскен жағдайда, ай сайын жүзеге асырылады.
2.7. Компания Тапсырыс берушіге ӘБҚ-ды Есептік кезең аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде береді. Тапсырыс беруші қол қойылған ӘБҚ-ды алғаннан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде Компания мекенжайына қайтаруға немесе Қызметтерді қабылдаудан негізді бас тартуға міндетті. Әйтпесе, Қызметтер көрсетілген, ӘБҚ қол қойылған болып саналады.
3.1. Компания Қызмет құнын, Конфигурация құнын, сондай-ақ төлеудің өзге шарттарын (тарифтеу және есеп айырысу тәртібін) осы Шарттарға өзгерістер енгізу жолымен біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Қызметті тарифтеу шарттарының өзгеруі туралы Компания Тапсырыс берушіге тиісті өзгерістер күшіне енуге 10 күнтізбелік күн қалғанда хабарлайды.
3.2. Осы Шарттарды Компания Тапсырыс берушіні алдын ала ешқандай хабардар етпей, кез келген уақытта өзгертуі мүмкін. Осындай кез келген өзгерістер күшіне енеді және Тараптар қатынастарына, егер өзгерістер күшіне енудің өзге мерзімі осындай жарияланым кезінде бөлек айқындалмаса, осындай өзгерістердің https://cloud.vk.ru/docs/start/legal/offer/private-special-conditions/policy-bare-metal мекенжайы бойынша жарияланған күннен кейінгі күннен бастап қолданылады. Тапсырыс беруші Қолданылатын ережелерді өзгерістер бар-жоғын өз бетінше тексеруге міндеттенеді. Шарттарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Тапсырыс берушінің Қызметтерді пайдалануы Шарттардың жаңа редакциясымен келісу болып саналады. Тапсырыс беруші Шарттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдаудан бас тартуға құқылы, бұл Тапсырыс берушінің Қызметті пайдаланудан бас тартуын білдіреді.
3.3. Тараптар арасында «VK Cloud» Платформасының Қызметтерін пайдалану туралы бөлек шарт біртұтас бөлек екіжақты құжатқа қол қою жолымен жасалған жағдайда, осы Шарттар осындай шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
3.4. Дербес сервердің кепілдік берілген қолжетімділік деңгейі 99,5% құрайды және сервердің жеке желі және/немесе Интернет желісі бойынша қолжетімділігі ретінде өлшенеді. Тапсырыс берушінің өтініштеріне реакция уақыты және қызмет көрсету деңгейінің өзге параметрлері Шартқа сәйкес айқындалады.
3.5. Тапсырыс беруші Компанияға Қызмет көрсету тоқтатылатын күнге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабарлап, Қызметтен бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші іс жүзінде көрсетілген Қызметтердің құнын төлеуге міндеттенеді.
3.6. Осы Шарттармен көзделмеген қалғаны бойынша Тарапар Шарттың қағидаларын басшылыққа алады.
Редакциясы: 01.10.2026 ж.