VK Cloud logo

«Cloud Desktop» қызметіне арналған пайдаланушы келісімі

6. Басқа шарттар

6.1. Тапсырыс берушінің Компанияның суреттерін, мәтіндерін, атауларын, эмблемалары мен символдарын пайдалану нысандары Компанияның уәкілетті өкілдерімен жазбаша түрде келісілуі тиіс.

6.2. Компания Сервиске қолжетімділік беру бойынша қызметтер тәулік бойы 24 (жиырма төрт) сағат, аптасына 7 (жеті) күн көрсетілетініне кепілдік береді.

6.3. Компания қажетті профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін, соның ішінде жұмыс күндерінде де, Сервистің жұмысын тоқтатуға құқығын сақтап қалады. Мұндай жағдайлар Компания Сервистің жұмысындағы үзілістерге әкелетін профилактикалық жұмыстар басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын Тапсырыс берушіні Сайтта тиісті ақпаратты (соның ішінде профилактикалық жұмыстардың ұзақтығын) жариялау арқылы алдын ала хабардар етсе, қызмет көрсетуідегі үзілістер болып саналмайды. Профилактикалық жұмыстарды жүргізумен байланысты Сервистің қолжетімсіздік уақыты Келісімнің 6.5-тармағының ережелері бойынша өтемағыға жатпайды.

6.4. Сервистің қолжетімсіздігі («Даунтайм») — Тапсырыс берушінің Жеке кабинетте қолжетімді кері байланыс формасы арқылы Компанияның қолдау қызметіне Сервистің қолжетімсіздігі туралы хабарлама немесе support@mcs.mail.ru электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберген сәтінен бастап, ол кейіннен Компаниямен расталған, және Компания қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін Сервистің жұмысы қайта жалғасқан сәтке дейінгі уақыт аралығы. Инцидентті жою мақсатында қалпына келтіру жұмыстары тиісті хабарлама түскеннен кейін Компанияның L4 деңгейіндегі қолдау қызметінің қызметкерлерімен жүргізіледі. Нақты бір инцидент бойынша қалпына келтіру жұмыстары қатарынан 168 сағат жұмыс уақытынан аспайды және 5/2 кестесі бойынша, Мәскеу уақытымен 9-дан 18-ге дейін жүргізіледі, демалыс және мереке күндері жұмыс уақытына кірмейді. Егер Компанияда Даунтаймның басталуы туралы, Сервистің қолжетімсіздігінің support@mcs.mail.ru мекенжайына жіберілген хабарламаның немесе жеке кабинеттегі кері байланыс формасының уақытынан ертерек басталған уақытын көрсететін өз деректері болса, Компания мұндай деректерді пайдалануы мүмкін. Даунтаймның басталу және аяқталу уақыты бойынша келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі. Егер Даунтайм бір Есептік кезеңде басталып, келесі Есептік кезеңде аяқталса, Сервистің қолжетімсіздігі толықтай Даунтаймнің басым бөлігі орын алған Есептік кезеңге жатқызылады.

6.5. Сервис қолжетімсіз болған жағдайда, Компания Тапсырыс берушінің талабы бойынша Тапсырыс берушіге (Бонустық шотқа есептеу) Өтемақы төлеуге міндеттенеді, оның мөлшері қарастырылып отырған Сервистің нақты қолжетімділік уақытына және Даунтайм тіркелген Есептік кезеңде Жеке баланстан алынған оның құнына байланысты.

Өтемақыны есептеу мақсатында Даунтайм тіркелмеген Платформада қолжетімді басқа сервистердің құны ескерілмейді.

Өтемақының мөлшері төмендегі кесте негізінде анықталады (бұдан әрі — №1-кесте):

Қолжетімділік уақыты (%)*
Бір Есептік кезеңде қолжетімсіздік уақыты (мин немесе сағ), жиынтықта
Өтемақы мөлшері
99.95% және одан жоғары
22 минуттан аз
төленбейді
99,9%–99,95%
22 минуттан 45 минутқа дейін
Даунтайм болған Есептік кезеңде Сервис үшін Жеке баланстан алынған соманың 3%-ы
99,0%–99,9%
45 минуттан 7,5 сағатқа дейін
Даунтайм болған Есептік кезеңде Сервис үшін Жеке баланстан алынған соманың 10%-ы
95,0%–99,0%
7,5 сағаттан 36 сағатқа дейін
Даунтайм болған Есептік кезеңде Сервис үшін Жеке баланстан алынған соманың 20%-ы
90,0%–95,0%
36 сағаттан 73 сағатқа дейін
Даунтайм болған Есептік кезеңде Сервис үшін Жеке баланстан алынған соманың 25%-ы
90%-дан аз
73 сағаттан көп
Даунтайм болған Есептік кезеңде Сервис үшін Жеке баланстан алынған соманың 50%-ы

* Есептеу Есептік кезеңдегі 43 800 минут негізінде жүргізілген

6.6. Сервистің деңгейі бойынша кепілдіктер бұзылған кез келген жағдайда Тапсырыс беруші проблемалардың көзін анықтау, оларды жою және Сервистің жұмысқа қабілеттігін қалпына келтіру үшін Компаниимен ынтымақтасуға міндеттенеді.

6.7. Өтемақы алу үшін Тапсырыс беруші Сервистің қолжетімсіздігі анықталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде support@mcs.mail.ru электрондық пошта мекенжайына өтемақы сұрауын жіберуі тиіс, онда тіркелгі деректемелерін, Сервистің қолжетімсіздік кезеңін, сондай-ақ Сервистің қолжетімсіздігін тіркеу кезіндегі Өкілдің техникалық қолдау қызметіне өтініш беру күнін және өтініш нөмірін көрсету қажет. Сервистің қолжетімсіздігіне әкелген өтемақы сұрауын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Өкіл өтемақы сұрауына жауап беруге міндеттенеді, онда Тапсырыс берушіге Сервистің қолжетімсіздігі үшін өтемақы беру шарттары немесе оны беруден бас тартудың дәйекті себептері көрсетіледі.

6.8. Келісімде көрсетілген негіздер бойынша Есептік кезең ішіндегі Өтемақының мөлшері Өтемақыға негіз болған оқиғалар орын алған Есептік кезеңде Тапсырыс беруші төлеген қаражат мөлшерінен аспауы тиіс.

6.9. Тапсырыс берушінің немесе үшінші тұлғалардың әрекеттерінен немесе қызметтердің қолжетімсіздігіне әкелген төтенше жағдайлардан туындаған Сервистің қолжетімсіздігі; осы Келісімнің 6.2-, 6.3-тармақтарында анықталғандай, жоспарланған профилактикалық жұмыстарды жүргізумен байланысты қызмет көрсетуді тоқтата тұру; қолданыстағы заңнамада анықталған жағдайларда және тәртіпте мемлекеттік немесе муниципалдық органдардың талабы бойынша қызмет көрсетуді тоқтата тұру Өтемақыға жатпайды. Компания ешбір жағдайда Сервис Тапсырыс берушісінің жанама шығындарын, соның ішінде пайданы жоғалтуды және іскерлік беделге келтірілген зиянды өтемейді.

Редакциясы: 20.12.2024 ж.

Мақала пайдалы болды ма?