Пайдалану шарттары
Осы құжат төменде баяндалған талаптармен әртүрлі қызмет түрлерін көрсетуге байланысты қолжетімділігі «VK Cloud» Платформасы (бұдан әрі — «Платформа») арқылы берілетін қызметтерге қатысты ООО «ВК» (бұдан әрі — «Компания») мен Сіздің (бұдан әрі — «Тапсырыс беруші») араңыздағы қатынастарды реттейтін келісім (бұдан әрі — «Келісім») болып табылады:
1.1. Платформаны және Платформа арқылы қолжетімді Сервистерді пайдалану қағидалары келесі құжаттарда баяндалған:
- осы Келісімде,
- Компания немесе Компанияның Серіктестері ұсынатын жекелеген Сервистерді пайдалану туралы келісімдерде,
- Компанияның Құпиялылық саясатында.
Бұдан әрі жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлығы бірге «Қолданылатын қағидалар» деп аталады.
Осы Келісімнің ережелері Тараптардың жекелеген Сервистерді пайдалануына қатысты қатынастарына қолданылады, егер өзге қағидалар Сервисті пайдалану туралы тиісті келісімде тікелей көзделмесе. Осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Тапсырыс беруші жекелеген Сервистерді пайдалану туралы келісімдердің ережелерімен келіседі, мұндай келісімдер Тапсырыс беруші мен Компания арасында Тапсырыс беруші тиісті Сервисті пайдалануды бастаған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
1.2. Қолданылатын қағидаларда (осы Келісімде, сондай-ақ жекелеген Сервистерді пайдалану туралы келісімдерде) Пайдаланушылар үшін міндетті болып табылатын ережелер де бар (бұдан әрі — Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалар). Тапсырыс беруші Пайдаланушылардың аталған қағидалармен танысуын қамтамасыз етуге және олардың осы қағидаларды сақтауына жауапты болады.
1.3. Платформаға немесе кез келген Сервиске әрбір қол жеткізу және/немесе нақты пайдалану кезінде Тапсырыс беруші осы Келісімнің, сондай-ақ Сервисті пайдалану туралы тиісті келісімнің Платформаны және/немесе Сервистерді нақты пайдалану сәтінде қолданыста болған редакцияларымен келіседі. Бұл ретте Тапсырыс беруші өзі құрған Жобаның Пайдаланушысы Платформаға немесе кез келген Сервиске әрбір қол жеткізу және/немесе нақты пайдалану кезінде мұндай Пайдаланушы Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалармен танысқанын және Пайдаланушы Платформаны және/немесе Сервистерді нақты пайдаланған сәтте қолданыста болған редакциясымен келісетінін кепілдендіреді.
1.4. Қолданылатын қағидалар Компания тарапынан кез келген уақытта Тапсырыс берушіге алдын ала қандай да бір хабарламасыз өзгертілуі мүмкін. Мұндай кез келген өзгерістер Сайтта жарияланған күннен кейінгі күні күшіне енеді. Тапсырыс беруші Қолданылатын қағидалардағы өзгерістерді өз бетінше тексеруге міндетті. Тапсырыс берушінің Қолданылатын қағидалармен және/немесе өзгертілген редакциямен танысу жөніндегі әрекеттерді жасамауы Тапсырыс берушінің Платформаны және жекелеген Сервистерді пайдалануға байланысты өз міндеттерін орындамауы үшін негіз бола алмайды. Қолданылатын қағидаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін Платформаны және Сервистерді пайдалануды жалғастыра отырып, Тапсырыс беруші осындай өзгерістермен келісетінін білдіреді. Тапсырыс беруші Қолданылатын қағидалардағы өзгерістер мен толықтыруларды қабылдаудан бас тартуға құқылы, бұл Тапсырыс берушінің Платформаны және/немесе тиісті Сервистерді пайдаланудан бас тартқанын білдіреді.
1.5. Тапсырыс берушінің бір Есептік жазбасына қатысты Платформаны және Сервистерді пайдалануға арналған бірден артық шарт қолданыста бола алмайды. Тапсырыс беруші бір Есептік жазба шеңберінде құрған барлық Жобалар бір шартқа жатқызылуға тиіс.
Сайт — https://cloud.vk.com мекенжайында орналасқан, Пайдаланушыға Платформаға және түрлі сервистерге қол жеткізуді беретін интернет-сайт. Компания Сайтта Пайдаланушылар үшін міндетті ақпаратты орналастырады.
Платформа — Тапсырыс берушіге Сайт арқылы қолжетімді және Компания басқаратын, Тапсырыс берушіге Келісім талаптарына сәйкес Жобаларды құруға және жоюға, осындай Жобалар шеңберінде Жоба Пайдаланушылары үшін Есептік жазбаларды құруға және жоюға, сондай-ақ осындай Пайдаланушыларға таңдалған Сервистерге қол жеткізуді беруге және шектеуге мүмкіндік беретін тегін ЭЕМ бағдарламасы (бұдан әрі — ЭЕМ бағдарламасы).
Сервис — Компания немесе Серіктестер ұсынатын жекелеген функционалдық мүмкіндіктерді Платформа шеңберінде іске асыруға мүмкіндік беретін Платформаның бағдарламалық модулі. Тапсырыс берушіге қандай да бір Сервисті пайдалану құқығын беру басқа Сервистерге қолжетімділік беруге тәуелді емес.
Компания — Платформаға және Сервистерге қолжетімділік беру жөніндегі қызметтерді Тапсырыс берушілерге көрсететін «ВК» жауапкершілігі шектеулі қоғамы (ОГРН 1027739850962, Ресей, 125167, Мәскеу қ., Ленинградский даңғ., 39-үй, 79-құр.).
Серіктес — Тапсырыс берушілердің Компания Платформасы арқылы Серіктестің Сервистерін және/немесе қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Компания шарт жасасқан тұлға.
Тапсырыс беруші — Келісім жасасуға қажетті әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі бар және Платформада Есептік жазба құрған тұлға.
Тапсырыс берушінің Есептік жазбасы — Компания оған қызмет көрсету процесінде Тапсырыс берушіні Платформада тіркеу және кейін авторизациялау үшін Тапсырыс беруші ұсынған (оның болуы міндетті шарт болып табылатын) ақпарат; мұндай ақпарат ретінде аты (логин), Жеке кабинетке қол жеткізуге арналған құпиясөз (құпиясөз), сондай-ақ өзге де ақпарат болады. Есептік жазбаға қол жеткізу Жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушінің Жеке кабинеті — Тапсырыс берушіге баптауларды басқаруға, Тапсырыс берушінің Есептік жазбасын редакциялауға, статистика деректеріне қол жеткізуге, сондай-ақ Платформаның және жекелеген Сервистердің функционалдық мүмкіндіктерін іске асыру үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін Платформаның жабық бөлігі.
Жоба — белгілі бір домендік атқа немесе өзге идентификаторға байланыстырылған және ЭЕМ бағдарламасының алгоритмдері бойынша жұмыс істейтін, өзара логикалық байланысқан веб-беттердің жиынтығы. Бір Жоба шеңберінде Платформаның веб-интерфейсі арқылы Жоба Пайдаланушылары үшін Есептік жазбалар құрылады, оларға Платформаның бір немесе бірнеше Сервисіне қол жеткізу берілуі мүмкін.
Жоба Иесі — Платформаның функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Жобаны құрған Тапсырыс беруші. Жоба Иесінің Жобаны басқаруға толық құқықтар көлемі бар, соның ішінде басқа тұлғаға Жоба Әкімшісінің құқықтарын беру, берілген құқықтар көлемін өзгерту, мұндай тұлғаның Жоба Әкімшісі құқықтарын кері қайтарып алу, Жоба шеңберінде Пайдаланушылар үшін Есептік жазбаларды құру және жою, сондай-ақ осындай Пайдаланушыларға таңдалған Сервистерге қол жеткізуді беру және шектеу мүмкіндігі бар.
Жоба Әкімшісі — қажетті құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар, Жоба Иесі болып табылатын не Жоба Иесі оған Жобаны басқару құқығын берген Жоба Пайдаланушысы болып табылатын тұлға.
Жоба Пайдаланушысы (Пайдаланушы) — қажетті құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар, оған Жоба Әкімшісі Есептік жазба құрған тұлға. Жоба Пайдаланушысы — Жоба Әкімшісі оған қол жеткізуді берген Сервистің пайдаланушысы.
Жоба Пайдаланушысының Есептік жазбасы — Жоба Пайдаланушысын Платформада тіркеу және кейін авторизациялау үшін қажетті ақпарат; мұндай ақпарат ретінде Пайдаланушының аты (логин), Жеке кабинетке қол жеткізуге арналған құпиясөз (құпиясөз), сондай-ақ өзге де ақпарат болады. Жоба Пайдаланушысының Есептік жазбасына қол жеткізу Жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
Жоба Пайдаланушысының Жеке кабинеті — Жоба Пайдаланушысына баптауларды басқаруға, Есептік жазбаны редакциялауға және Жоба Әкімшісі берген өкілеттіктер шеңберінде Платформаның және Сервистің функционалдық мүмкіндіктерін іске асыру үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін Платформаның жабық бөлігі.
Тапсырыс берушінің Дербес теңгерімі (шоты) — Тапсырыс беруші мен Компания арасындағы көрсетілетін қызметтер бойынша қаржылық өзара қатынастарды көрсететін жазбалардың жиынтығы. Тапсырыс берушінің теңгерімі Компанияның есепшотына Тапсырыс беруші аударған және Компания қызметтер үшін алдын ала төлем есебіне Тапсырыс берушінің теңгеріміне есептеген қаражат сомасына ұлғаяды және Тапсырыс беруші қосқан қызметтердің құнына азаяды.
Тапсырыс берушінің Бонустық теңгерімі (шоты) — Компанияның жарнамалық акциялар жүргізу кезінде, Компания келісілген қызмет көрсету деңгейін бұзғаны үшін Тапсырыс берушіге өтемақы төлеген кезде немесе Компания белгілеген өзге де жағдайларда Тапсырыс берушіге баллдарды есепке жазуын/есептен шығаруын көрсететін жазбалардың жиынтығы. Бонустық теңгерім Тапсырыс беруші қосқан қызметтердің көлеміне азаяды.
Нөлдік теңгерім — Компанияның Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтердің құнын төлеуді есептен шығаруы үшін Тапсырыс берушінің Бонустық және Дербес теңгерімінде (шотында) бонустардың/ақша қаражатының болмауы.
Есептік кезең — Тапсырыс берушіге Сервисті пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетілетін уақыт кезеңі. Есептік кезеңнің ұзақтығы жекелеген сервистерді пайдалану туралы тиісті келісімдермен белгіленеді.
3.1. Келісім шарттарына сәйкес Компания Тапсырыс берушіге Қолданылатын қағидаларда өзгеше көзделмесе, интернет желісіне қосылған жағдайда тәулік бойы Жеке кабинетті Платформа Сервистеріне қол жеткізу үшін пайдалануға мүмкіндік беретін Платформаға қол жеткізуді ұсынады.
3.2. Платформаны пайдалану процесінде Тапсырыс беруші Жобаларды құра және жоя алады, осындай Жобалар шеңберінде Жоба Пайдаланушылары үшін Есептік жазбаларды құра және жоя алады, сондай-ақ мұндай Пайдаланушыларға таңдалған Сервистерге қол жеткізуді бере және шектей алады. Бұл ретте Тапсырыс беруші Компания алдында Жоба Пайдаланушыларының әрекеттері үшін жауапты болады және мұндай тұлғалардың Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3.3. Компания ұсынатын Платформаны және Сервистерді пайдалану құқығы, егер жекелеген сервистерді пайдалану туралы тиісті келісімдерде өзгеше көзделмесе, тегін болып табылады.
3.4. Компания ұсынатын Платформаны және Сервистерді басқару мен оларға қызмет көрсетуді Компания, ал Серіктестердің Сервистеріне — тиісті Серіктестер жүзеге асырады. Тапсырыс берушінің және Жоба Пайдаланушыларының Платформаны және Сервистерді пайдалануы көрсетілген тұлғалардың интернет желісі арқылы Сайтқа қосылуы арқылы интерактивті (онлайн) режимде жүзеге асырылады. Компания Платформаға және Компания ұсынатын Сервистерге, сондай-ақ олардың жеке де, жиынтық түрде де алынған барлық элементтеріне қажетті құқықтар көлемінің иесі болып табылады. Серіктестердің Сервистерін пайдалану құқығы Тапсырыс берушіге Компания мен Серіктестер арасында жасалған келісімдер негізінде беріледі.
4.1. Платформаны пайдалану үшін Тапсырыс беруші Платформада тіркеліп, Есептік жазба құруы қажет. Платформада Есептік жазба құру кезінде Тапсырыс беруші арнайы өрістері бар терезеде өзінің логинін (электрондық пошта мекенжайын) және құпиясөзді екі рет енгізеді, сондай-ақ осы Келісіммен, Платформаның Құпиялылық саясатымен және Қолданылатын қағидалармен келісетінін растайды. Тіркелуді растау үшін Тапсырыс беруші көрсеткен электрондық пошта мекенжайына Платформада Есептік жазба құруды растауға арналған сілтеме бар хат жіберіледі.
Авторизация және Платформаға кіру Сайт арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің логині мен құпиясөзін пайдалана отырып Платформада авторизациядан өткен тұлға, осындай авторизация нәтижесінде қол жеткізу мен басқару құқығын алған тиісті есептік жазбаның заңды иесі болып есептеледі.
4.2. Платформада авторизациядан өткеннен кейін (Жеке кабинетке кіргеннен кейін) Тапсырыс беруші Келісімнің, сондай-ақ жекелеген сервистерді пайдалану туралы тиісті келісімдердің шарттарын сақтаған жағдайда Платформаны және Сервистерді пайдалануға құқылы.
4.3. Платформа Тапсырыс берушіге келесі мүмкіндіктерді іске асыруға мүмкіндік береді:
- Платформаның функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде өзінің Есептік жазбасын баптау;
- Платформаның функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып Жобаларды құру және жою.
- Платформа арқылы қолжетімді Сервистерді, соның ішінде құрылған Жобаларға қосуды, сондай-ақ қосылған Сервистерді пайдаланудан бас тартуды жүзеге асыру. Жекелеген сервистерді пайдалану туралы келісімдерде Компанияның немесе Серіктестердің тиісті Сервиске қол жеткізу бойынша қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігі көзделуі мүмкін.
- Қажетті құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлғалар үшін Жобалар шеңберінде есептік жазбалар құру, сондай-ақ құрылған есептік жазбаларды жою.
- Есептік жазбалар құрылған тұлғаларға Платформа Сервистеріне қол жеткізуді беру, аталған Сервистерге қол жеткізуді шектеу немесе жабу.
- Басқа тұлғаға Жоба Әкімшісінің құқықтарын беру, берілген құқықтар көлемін өзгерту, тіпті Жобаны басқару құқығынан айыруға дейін.
- Ресей Федерациясының заңнамасымен және Қолданылатын қағидалармен тыйым салынбаған, Платформаны және Сервистерді пайдалануға байланысты өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
4.4. Платформаны және Сервистерді пайдалану кезінде Тапсырыс беруші мыналарға міндеттенеді:
- Қолданылатын қағидалардың ережелерін ешқандай шектеусіз сақтау;
- өзінің Жеке кабинетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және үшінші тұлғалардың оған рұқсатсыз кіруін болдырмайтын тиісті шараларды өз бетінше қабылдау (атап айтқанда, үшінші тұлғалар Тапсырыс берушінің компьютерлік құрылғысын пайдалануы мүмкін болған кезде, оның ішінде cookies технологиясын қолданған кезде, құпиясөздің браузерде сақталмауын қадағалау). Тапсырыс беруші өзінің Жеке кабинетін пайдалана отырып жасалған құқыққа қайшы әрекеттер үшін өз әрекеттері сияқты жауапты болады.
- Компанияның барлық нұсқаулары мен талаптарын орындау. Тапсырыс беруші мұндай нұсқауларды орындамаған жағдайда Компания Тапсырыс берушінің Платформаға, Сервистерге немесе олардың жекелеген функцияларына қол жеткізуін тоқтата тұруға, шектеуге, тоқтатуға құқылы;
- Компанияның талабы бойынша, Келісімнің жасалуына және орындалуына байланысты, Тапсырыс беруші өзінің Есептік жазбасын құру/редакциялау кезінде көрсеткен есептік деректерді, сондай-ақ Пайдаланушылардың Есептік жазбаларында көрсетілген есептік деректерді растау;
- мезгіл-мезгіл танысып, Қолданылатын қағидалардағы өзгерістерді бақылап отыру.
- Жоба Пайдаланушыларының Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалармен танысқанын және олардың ережелерін сақтауын қамтамасыз ету. Тапсырыс беруші Пайдаланушының Жеке кабинетін пайдалана отырып жасалған құқыққа қайшы әрекеттер үшін өз әрекеттері сияқты жауапты болады.
- Қолданылатын қағидаларда көзделген өзге де талаптарды сақтау және өзге де міндеттемелерді орындау.
5.1. Жоба Пайдаланушысы Жобаға байланыстырылған есептік жазбаны Жоба Әкімшісі оған ашқаннан кейін Платформаға қол жеткізеді. Пайдаланушының есептік жазбасын құру Пайдаланушының логині ретінде оның электрондық пошта мекенжайын көрсету және есептік жазбаны құруды растау үшін Пайдаланушының оның электрондық поштасына келген сілтеме бойынша өтуі арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушы Платформада Жоба шеңберінде логинді (оның электрондық пошта мекенжайын) және Жоба Әкімшісінен алынған құпиясөзді енгізу арқылы авторизациядан өтеді. Егер Компания ұсынатын Платформаны және Сервистерді пайдалану құқығы өтеусіз болса, Компания Платформаға/Жобаға/Сервиске Пайдаланушылар үшін қолжетімді рұқсаттар санын өз бетінше айқындайды.
5.2. Жоба Әкімшісі Жоба Пайдаланушысына Платформаның бір немесе бірнеше Сервисіне қол жеткізуді бере алады. Мұндай жағдайда Жоба Пайдаланушысы тиісті Сервистің Пайдаланушысы болып табылады.
5.3. Жоба Пайдаланушысы Платформада Сайт арқылы, сондай-ақ егер мұндай мүмкіндік Платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен және Жоба баптауларымен көзделсе, тиісті Сервиске арналған мобильді қосымшаны пайдалану арқылы авторизациядан өте алады. Платформада авторизациядан өткен тұлға тиісті есептік жазбаның, оған қол жеткізу мен басқару құқығы осындай авторизация нәтижесінде алынған, заңды иесі болып есептеледі.
5.4. Жоба Пайдаланушысының Платформада авторизациядан өтуі мұндай тұлғаның Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалармен келісетінін білдіреді.
5.5. Жекелеген Сервисті пайдаланатын Жоба Пайдаланушысының құқықтары мен міндеттері осы Келісімде, сондай-ақ тиісті сервисті пайдалану туралы келісімде айқындалады.
5.6. Жоба Иесі оған Жоба Әкімшісінің құқықтарын берген Жоба Пайдаланушысы берілген мүмкіндіктерді Жоба баптауларында көзделген құқықтар көлемінде жүзеге асырады. Жоба Әкімшісі Жоба Пайдаланушыларының Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Егер Жоба Әкімшісі Жоба Пайдаланушысының Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды бұзу фактісін анықтаса, Әкімші мұндай Пайдаланушының Есептік жазбасын бұғаттауға және аталған факт туралы Компанияның қолдау қызметіне хабарлауға тиіс.
5.7. Платформаны және Сервистерді пайдалану кезінде Пайдаланушы мыналарға міндеттенеді:
- Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалардың ережелерін ешқандай шектеусіз сақтау;
- өзінің Жеке кабинетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және үшінші тұлғалардың оған рұқсатсыз кіруін болдырмайтын тиісті шараларды өз бетінше қабылдау (атап айтқанда, үшінші тұлғалар Пайдаланушының компьютерлік құрылғысын пайдалануы мүмкін болған кезде, оның ішінде cookies технологиясын қолданған кезде, құпиясөздің браузерде сақталмауын қадағалау).
- Компанияның барлық нұсқаулары мен талаптарын орындау. Пайдаланушы мұндай нұсқауларды орындамаған жағдайда Компания Пайдаланушының Платформаға, Сервистерге немесе олардың жекелеген функцияларына қол жеткізуін тоқтата тұруға, шектеуге, тоқтатуға құқылы;
- Компанияның талабы бойынша Пайдаланушының Есептік жазбасында көрсетілген есептік деректерді растау;
- мезгіл-мезгіл танысып, Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалардағы өзгерістерді бақылап отыру.
- Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларда көзделген өзге де талаптарды сақтау және өзге де міндеттемелерді орындау.
6.1. Платформаны және жекелеген Сервистерді пайдалану кезінде Тапсырыс берушіге және Пайдаланушыларға мыналарға тыйым салынады:
- Компанияның және/немесе Серіктестердің Платформаға, Сервистерге немесе олардың қандай да бір элементтеріне қатысты зияткерлік меншік құқықтарын бұзу, атап айтқанда Компания және Серіктестер Платформа мен Сервистер шеңберінде орналастырған материалдарды (мәтіндік, графикалық, аудио-бейне материалдарды), фрагменттерді және жекелеген элементтерді (оның ішінде ЭЕМ бағдарламаларын, скрипттерді және өзге элементтерді) Компанияның және/немесе Серіктестердің жазбаша келісімінсіз көшіруге, трансляциялауға, таратуға, жариялауға және өзге де тәсілмен таратуға және көбейтуге;
- басқа Тапсырыс берушілер құрған басқа Тапсырыс берушілер мен Жоба Пайдаланушыларының есептік деректерін жинауға;
- Платформа мен Сервистер шеңберінде орналастырылған ақпаратты жинау үшін кез келген автоматты немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалануға;
- Платформа мен Сервистер арқылы әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен араздықты қоздыратын насихатты немесе үгітті, соғыс насихатын, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік артықшылықты, сондай-ақ суицидті насихаттайтын, суицид тәсілдерін сипаттайтын және оны жасауға кез келген айдап салуды; есірткі және психотроптық заттар туралы ақпаратты, соның ішінде есірткіні тарату туралы ақпаратты, оларды дайындау рецептерін, қолдану бойынша кеңестерді және РФ қолданыстағы заңнамасымен таратылуына тыйым салынған өзге де ақпаратты таратуды жүзеге асыруға;
- алушылар мұндай ақпаратты алуға келісімін білдірмеген жағдайда, спам таратуды — коммерциялық, саяси, жарнамалық және өзге де ақпаратты жаппай таратуды (оның ішінде осындай ақпараты бар интернет-сайттарға және/немесе зиянды бағдарламалық жасақтама бар интернет-сайттарға апаратын гиперсілтемелерді);
- Жеке кабинетті құру және тіркеу нысанын толтыру кезінде өзі туралы көрінеу жалған немесе ойдан шығарылған ақпаратты көрсетуге немесе кейін енгізуге;
- Жеке кабинеттің құпиясөзін Тапсырыс берушінің (немесе Пайдаланушының) атынан әрекеттер жасауға тиісінше өкілеттігі жоқ тұлғаларға беруге;
- Платформаның және Сервистердің жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жасауға, Платформаны және Сервистерді немесе олардың жабық бөлімдерін басқаруға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін жасауға (оның ішінде тек Компанияға ғана рұқсат етілген бөлімдерге), сондай-ақ кез келген өзге де ұқсас әрекеттерді жасауға;
- Платформа мен Сервистер функционалын пайдалана отырып, криптовалюта платформаларының жұмысын қамтамасыз ету үшін немесе кез келген өзге тәсілмен криптовалюта майнингі үшін жаңа құрылымдарды (оның ішінде блокчейндегі блоктарды) құруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға;
- Тапсырыс берушінің Жобасындағы қолжетімді квоталардан тыс IP-адрестерді іріктеу арқылы прокси-серверлерді ұйымдастыру және трафикті бүркемелеу үшін Сервистерді пайдалануға;
- Платформа мен Сервистерді пайдалана отырып, Ресей Федерациясы аумағында қол жеткізуі шектелген интернет желісіндегі ақпаратқа немесе ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстарды орналастыруға;
- Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қол жеткізуі шектелуге жататын интернет желісіндегі ақпаратқа немесе ақпараттық ресурстарға қол жеткізу шектеулерін айналып өту үшін Сервистерді пайдалануға;
- Платформаны және Сервистерді құру саясаты мен мақсаттарына қайшы келетін немесе РФ қолданыстағы заңнамасын бұзатын кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыруға.
6.2. Жосықсыз пайдалануға тыйым салу.
6.2.1. Тапсырыс беруші Платформаны және Сервистерді адал ниетпен және олардың функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенеді. Тапсырыс берушіге негізсіз артықшылықтар алуға, Сервистер шектеулерін айналып өтуге, құқықты теріс пайдалануға, сондай-ақ Компанияның қисынды бағалауы бойынша Компанияға, Платформаға, Сервистерге, басқа тапсырыс берушілерге немесе үшінші тұлғаларға зиян келтіруі мүмкін өзге де әрекеттерді жасауға (немесе олардың үшінші тұлғалар тарапынан жасалуына жол беруге) тыйым салынады.
6.2.2. Жосықсыз пайдалануға, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, келесі жағдайлар жатады:
- Сервисті функционалдық мақсаты бойынша пайдалану ниетінсіз немесе негізсіз артықшылықтар (бонустар, тегін кезеңдер, жеңілдіктер, рефералдық сыйақылар немесе мұндай пайдалану тәсілі үшін көзделмеген өзге де артықшылықтар) алу мақсатында есептік жазбаларды бірнеше рет тіркеу/құру (оның ішінде әртүрлі электрондық пошта мекенжайларын, телефон нөмірлерін, төлем құралдарын, виртуалды нөмірлерді, үшінші тұлғаларды, уақытша домендерді және т.б. пайдалана отырып);
- лимиттерді, квоталарды, техникалық/тарифтік шектеулерді, сәйкестендіру/верификациялау рәсімдерін, өңірлер бойынша шектеулерді, есептік жазбалар санына шектеулерді, сондай-ақ Платформа мен Сервистерді қорғаудың өзге де шараларын айналып өту немесе айналып өтуге әрекет жасау;
- Қолданылатын қағидаларды бұрын бұзудың нәтижесінде бұғатталғаннан/қол жеткізуі шектелгеннен кейін, оның ішінде аффилиирленген тұлғалар, қызметкерлер, мердігерлер арқылы немесе жеке басын жасыратын техникалық құралдарды пайдалана отырып, есептік жазбалар құру.
6.2.3. Компания жосықсыз пайдалануды немесе Тапсырыс берушінің күдікті белсенділігін бақылау, талдау және анықтау үшін автоматтандырылған және/немесе қолмен жүргізілетін құралдарды қолдануға құқылы.
6.2.4. Тапсырыс беруші Компания күдікті белсенділікті және жосықсыз пайдалануды анықтау алгоритмдерін, өлшемшарттарын және ішкі қағидаларын ашуға міндетті емес екенімен келіседі.
6.3. Егер Компанияда Сервисті жосықсыз пайдалану және/немесе осы Келісімнің осы бөлімінің талаптарын не Қолданылатын қағидалардың өзге шарттарын бұзу орын алып отыр деп пайымдауға ақылға қонымды негіздер болса, Компания өз қалауы бойынша Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар етпестен дереу келесі шаралардың бірін немесе бірнешеуін қолдануға құқылы:
- Тапсырыс берушінің, Жоба Пайдаланушыларының Платформаның, Сервистердің барлық бөлімдеріне немесе кез келген бөліміне толықтай не ішінара қол жеткізуін шектеу, тоқтата тұру немесе тоқтату;
- Тапсырыс берушінің жосықсыз әрекеттері нәтижесінде алынған есептелген бонустарды және (немесе) өзге де артықшылықтар мен жеңілдіктерді жою;
- қосымша шектеулер (лимиттер) белгілеу, қосымша верификациядан/деректерді растаудан өтуді талап ету, адал пайдалануды растайтын құжаттарды/мәліметтерді сұрату;
- есептік жазбаны қайта құру мүмкіндігін бұғаттау;
- Компанияның және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті өзге де шараларды қабылдау.
6.4. Тапсырыс беруші Келісімнің 6.3-тармағында көзделген шараларды Компания қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Келісімнің 11.8-тармағында көрсетілген электрондық мекенжайға Компанияға тиісті өтініш жолдау арқылы бұзушылықтардың болмауына дәлелдемелер ұсынуға құқылы. Өтініште Тапсырыс беруші өз ұстанымын негіздеу үшін жеткілікті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндеттенеді. Егер өтінішті қарау нәтижелері бойынша Компания Қолданылатын қағидалардың бұзылуының және (немесе) Платформа мен Сервистерді жосықсыз пайдаланудың жоқ екендігі туралы қорытындыға келсе, Компания Тапсырыс берушінің Платформа мен Сервистерге қол жеткізуін қалпына келтіреді және бұзушылыққа ден қою бойынша қабылданған өзге де шараларды кері қайтарады.
6.5. Компания Тапсырыс берушінің немесе Пайдаланушының Платформа мен Сервистерді пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда (оның ішінде жосықсыз пайдалану кезінде) Тапсырыс берушінің, Тапсырыс беруші Жобасының Пайдаланушыларының Платформаға немесе жекелеген Сервистерге қол жеткізуін тоқтата тұру, шектеу немесе тоқтату нәтижесінде туындаған Тапсырыс берушінің ешқандай залалдары үшін жауап бермейді және оларды өтемейді. Қызметтер үшін алдын ала төлем есебіне Компания алған ақша қаражаты Тапсырыс берушіге қайтарылмайды және Компания тарапынан жіберілген бұзушылық үшін айыппұл және осындай бұзушылықтарға байланысты Компания шеккен залалдардың өтемі ретінде толық көлемде ұсталып қалады.
7.1. Компания Платформаны ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, құрылымды, сыртқы көріністі өз бетінше айқындайды, аталған тұлғалар Қолданылатын қағидаларды және Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды бұзған жағдайда Тапсырыс берушілердің, Пайдаланушылардың Платформаға және Компания ұсынатын Сервистерге қол жеткізуіне рұқсат береді немесе шектейді.
7.2. Тапсырыс берушілер мен Пайдаланушылардың өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік беру, оның ішінде аталған тұлғаларға Платформа мен Сервистер шеңберінде белгілі бір әрекеттерді дербес жасау мүмкіндігін ұсыну бөлігінде Компания тек осындай өзара іс-қимылдың техникалық мүмкіндігін ұйымдастырған тұлға ретінде әрекет етеді. Осындай өзара іс-қимылға байланысты интернет желісі арқылы Платформа мен Сервистерге Тапсырыс берушілер, Жоба Пайдаланушылары ұсынатын ақпаратты, графикалық бейнелерді және өзге материалдарды беру, сақтау және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мұндай материалдарды өзгертпестен немесе олардың мазмұнына Компания тарапынан ықпал етпестен жүзеге асырылады.
7.3. Компания Платформа мен Сервистер шеңберінде жарнаманы орналастыру тәртібі, серіктестік бағдарламаларға қатысу, Платформа мен Сервистер мазмұнына өзге ақпаратты енгізу мәселелерін дербес шешеді.
7.4. Компания мыналарға құқылы:
- кез келген уақытта Платформаның, Компания ұсынатын Сервистердің ресімделуін және пайдаланушы интерфейсін, ұсынылатын функциялардың мазмұнын өзгертуге, пайдаланылатын скрипттерді, бағдарламалық жасақтаманы, Компания контентін және Сервистер шеңберінде пайдаланылатын немесе сақталатын өзге де объектілерді, кез келген серверлік қосымшаларды Тапсырыс берушіні міндетті түрде хабардар етпестен өзгертуге немесе толықтыруға;
- РФ заңнамасын, Қолданылатын қағидаларды, басқа Тапсырыс берушілердің, басқа Тапсырыс берушілер құрған Жоба Пайдаланушыларының немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын, оларға зиян келтіретін немесе қауіпсіздікке қатер төндіретін Платформа мен Сервистер шеңберінде Тапсырыс беруші орналастырған кез келген ақпарат пен материалдарды өз қалауы бойынша жоюға;
- Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуді жекелеген Сервистерді пайдалану туралы келісімдерде көзделген мөлшерде және тәртіпте талап етуге;
- Тапсырыс берушілер мен Жоба Пайдаланушылары Платформаны және Сервистерді пайдаланған кезде аталған тұлғаларға ескертулер жасауға, ескерту беруге, оларды хабардар етуге, Қолданылатын қағидалар мен Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидалардың шарттарын сақтамауы туралы ақпараттандыруға. Компанияның нұсқаулары жоғарыда аталған тұлғалар үшін Платформа мен Сервистерді пайдалану кезінде міндетті болып табылады;
- Тапсырыс беруші немесе Жоба Пайдаланушысы Ресей Федерациясының заңнамасын, Қолданылатын қағидаларды немесе Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды бұзған жағдайда, оның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік органдарының сұрау салулары/нұсқаулары негізінде, Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар етпестен дереу Тапсырыс берушінің, Жоба Пайдаланушыларының Платформаның, Сервистердің барлық немесе кез келген бөліміне қол жеткізуін тоқтата тұруға, шектеуге немесе тоқтатуға;
- Тапсырыс берушілерге, Жоба Пайдаланушыларына Платформаның және/немесе Сервистердің жаңа функцияларын енгізу немесе ескі функцияларын алып тастау туралы хабарламалар болып табылатын, сондай-ақ Платформа мен Сервистер мүмкіндіктері туралы жарнамалық ақпаратты қамтитын хабарламаларды (оның ішінде электрондық пошта хабарламаларын, sms-хабарламаларды және т.б.) жіберуге;
- Компания ұсынатын Платформа мен Сервистерге қатысты өзінің зияткерлік құқықтарын қорғау үшін заңмен тыйым салынбаған шараларды қабылдауға;
- Келісімнің 11.5-тармағына сәйкес тек өз қалауы бойынша, мұндай берудің күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тапсырыс берушіні электрондық пошта арқылы алдын ала хабардар ете отырып, осы Келісім, жекелеген сервистерді пайдалану туралы келісімдер, маркетингтік акцияларды өткізу қағидалары немесе Тапсырыс берушінің Платформаны және Сервистерді пайдалануына байланысты жасалатын өзге де келісімдер бойынша құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға беруге (талапты беруге және борышты аударуға).
7.5. Компания Келісімде баяндалған талаптармен Тапсырыс берушіге Платформаға қол жеткізу бойынша қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
8.1. Жекелеген Сервистерді пайдалану туралы келісімдерде көзделген жағдайларда Компанияның немесе Серіктестердің Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтері ақылы болып табылады және алдын ала төлем негізінде ұсынылады.
8.2. Сервистерге ақылы негізде қол жеткізу үшін Тапсырыс беруші өз Дербес теңгерімін (шотын) төлем жасалған сәтте қолданыста болатын тарифтерге сәйкес Тапсырыс берушіге қажетті көлемде қызметтерді төлеуге жеткілікті рубльдегі сомаға толықтыруға тиіс. Қызметтерге ақы төлеу бойынша Тапсырыс берушінің міндеттері ақша қаражаты Компанияның есепшотына түскен сәттен бастап орындалған болып есептеледі.
8.2.1. Сервиске қол жеткізу бойынша қызметтердің құны https://cloud.vk.com/pricelist интернеттегі бетінде айқындалады (егер тиісті Сервисті пайдалану туралы келісімде өзгеше келісілмесе). Компания Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтердің құнын Сайтта тиісті ақпаратты жариялау арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Жаңа тарифтер олар жарияланған кезде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.
Платформадағы Қолданбалар дүкені каталогында орналастырылған бағдарламалық өнімдерді пайдалану құны Қолданбалар дүкені бетінде немесе Қолданбалар дүкеніндегі нақты Бағдарламалық өнім бетінде қолжетімді. Бағдарламалық өнімдерді пайдалану құны Компания немесе Бағдарламалық өнім Иесі тарапынан Қолданбалар дүкені бетінде немесе нақты Бағдарламалық өнім бетінде тиісті ақпаратты жариялау арқылы біржақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін. Қолданбалар дүкенінде орналастырылған Бағдарламалық өнімдерді пайдаланудың өзге шарттары https://cloud.vk.com/docs/kz/start/legal/vk/marketplace мекенжайында орналастырылған «Қолданбалар дүкені» Пайдаланушы келісімімен немесе жекелеген Бағдарламалық өнімді пайдалану туралы келісіммен реттеледі.
8.2.2. РФ салық заңнамасында қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемелерін белгілеу бөлігінде өзгерістер болған жағдайда, Тараптар мұндай өзгерістер күшіне енген күннен бастап ҚҚС мөлшерлемелерінің өзгеру шамасына қолданыстағы тарифтерді (қызмет құнын) өзгерту арқылы Тараптардың қатынастарына мұндай өзгерістерді автоматты түрде қолдануға келіседі. Бұл ретте Тараптар ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты қызмет құнының өзгеруі Тараптардың қосымша келісім жасасуынсыз және Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар етпестен РФ салық заңнамасындағы тиісті өзгерістер күшіне енген күннен бастап қолданылатынын мойындайды.
8.2.3. Қызметтерге ақы төленгенін растау ретінде, Компанияның қалауы бойынша, ақша қаражаты аударылғанын куәландыратын банк белгісі бар құжаттың көшірмесі болуы мүмкін. Бұл ретте Компания төлем фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасын сұратуға құқылы. Тапсырыс беруші Компания қызметтеріне ақы төлеу кезінде залалдардың туындау тәуекелдерінің барлығы Тапсырыс берушінің тәуекелдері болып табылатынымен келіседі.
Ақша қаражаты Компанияның есепшотына түскеннен кейін Тапсырыс берушінің Дербес теңгерімінің (шотының) жай-күйі Тапсырыс беруші Компанияның есепшотына аударған соманы Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтерді төлеуге қолжетімді сома ретінде көрсету арқылы жаңартылады.
8.3. Компания жарнамалық акцияларды өткізу кезінде, Компания келісілген қызмет көрсету деңгейін бұзғаны үшін Тапсырыс берушіге өтемақы төлеген кезде немесе Компания белгілеген өзге де жағдайларда Тапсырыс берушіге бонустық теңгерімге (шотқа) бонустарды есептеу арқылы бонустар беруге құқылы. Бонустық теңгерім Тапсырыс беруші қосқан қызметтер көлеміне азаяды. Бонустық және Дербес теңгерімде қаражат болған кезде есептен шығару алдымен Бонустық теңгерімнен, содан кейін — Дербес теңгерімнен жүзеге асырылады.
Компания бонустардың барлық немесе жекелеген санаттарын пайдалануға шектеулер белгілеуге құқылы (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, бонустардың қолданылу мерзімі, жекелеген сервистерге ақы төлеу үшін бонустарды пайдалану шектеулері және т.б.). Бонустарды есептеу, пайдалану және жұмсау қағидалары туралы ақпарат Компания тарапынан Сайтта жарияланады және (немесе) Тапсырыс берушінің назарына өзге тәсілмен, соның ішінде Жеке кабинет арқылы жеткізіледі.
Компанияда пайдаланушы Платформаны және (немесе) жекелеген сервистерді пайдалану қағидаларын бұзады, сондай-ақ Платформаны және (немесе) жекелеген сервистерді пайдалану кезінде өзге де түрде жосықсыз мінез-құлық/теріс пайдалану танытады деп пайымдауға негіздер болған жағдайда, бонустарды есептеуден бас тартуға және (немесе) бұрын есептелген бонустарды жоюға құқылы.
Бонустық теңгерім Тапсырыс беруші қосқан қызметтер көлеміне азаяды. Бонустық және Дербес теңгерімде қаражат болған кезде есептен шығару алдымен Бонустық теңгерімнен, содан кейін — Дербес теңгерімнен жүзеге асырылады, егер Компания белгілеген бонустарды пайдалану қағидаларында өзгеше көзделмесе.
Бонустық баллдар Тапсырыс берушіге ақшалай баламада төлене алмайды. Тараптардың міндеттемелері тоқтатылған немесе Келісім бұзылған жағдайда бонустық баллдар жойылады және Тапсырыс берушіге қайтарылмайды.
8.4. Тапсырыс берушінің Дербес теңгерімінде немесе Бонустық шотында Сервиске қол жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу есебіне есептен шығарылуы мүмкін ақша қаражаты немесе бонустар болмаған жағдайда (Нөлдік теңгерім) Тапсырыс берушінің Сервиске және файлдарға қол жеткізуі тоқтатылады.
8.5. Тапсырыс берушінің Нөлдік теңгерімі болған жағдайда Компания Жоба тіркелген электрондық пошта арқылы Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар ете отырып, дискілік кеңістікті алып жатқан файлдарды қайтарымсыз жоюға құқылы. Тапсырыс беруші деректерін Компания Нөлдік теңгерімге байланысты жойғаны себепті Тапсырыс берушіге келтірілген ешқандай залал Компания тарапынан өтелмейді.
8.6. Тапсырыс беруші егер Тараптардың міндеттемелері тоқтатылған немесе Келісім бұзылған сәтте Тапсырыс беруші жасаған қызметтерге алдын ала төлем сомасы нақты көрсетілген қызметтердің құнынан асып кетсе, көрсетілген сомалар арасындағы айырма Компания көрсететін өзге қызметтер бойынша басқа (оның ішінде болашақтағы) шарттар шеңберіндегі Тапсырыс берушінің аванстық төлемі деп танылатынымен келіседі, тек міндеттемелерді тоқтату немесе жасалған Келісімді өзге шарттармен бұзу талаптары жазбаша түрде келісілген жағдайлар бұған кірмейді.
8.7. Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын Тапсырыс беруші, банктік шотқа қаражат аудару арқылы қызметтерге ақы төлеген жағдайда, Компания оған Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтер көрсеткен Есептік кезең аяқталғаннан кейін көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдау Актісіне (бұдан әрі — «Акт») және шот-фактураға (не әмбебап табыстау құжатына (бұдан әрі - «УПД»)) қол қоюға міндеттенеді. Компания УПД-ны Тапсырыс берушіге электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі - «ЭДО») арқылы жібереді. Тараптар екі Тарапта да техникалық мүмкіндік болған жағдайда, құжаттарға электрондық қолтаңбамен (бұдан әрі — «ЭП») қол қоюға құқылы.
8.8. Тапсырыс беруші Актінің/УПД-ның бір данасына қол қойып, оны алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Компанияның мекенжайына жіберуге, не осыған ұқсас мерзімдерде ЭДО арқылы ЭП пайдалана отырып УПД-ға қол қоюға міндеттенеді. Әйтпесе қызметтер көрсетілген, ал Акт/УПД қол қойылған болып есептеледі.
9.1. Тапсырыс беруші Платформаны және Сервистерді осы Келісімде сипатталған тәсілдермен Ресей Федерациясының бүкіл аумағында, сондай-ақ олар стандартты компьютерлік құралдар мен бағдарламаларды пайдалана отырып қолжетімді болатын өзге де аумақтарда пайдалануға құқылы.
9.2. Осы Келісім бір күнтізбелік жыл мерзіміне жасалған және Тапсырыс беруші Қолданылатын қағидаларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Егер Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша түрде мәлімдемесе, ол бір жыл мерзімге ұзартылған болып есептеледі. Ұзартулар саны шектелмейді.
9.3. Осы Келісім келесі жағдайларда қолданылуын тоқтатады:
-
Компания осы Келісім шарттарын өзгерту, Тапсырыс берушілермен жаңа келісім жасасу қажеттілігі, Тапсырыс берушіге қатысты осы Келісімнің қолданылуын тоқтату, Платформаны әкімшілендіру мен оған қызмет көрсетуді тоқтату және оған қол жеткізуді немесе Тапсырыс берушіге қатысты Платформаны пайдалану қолжетімділігін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда.
-
Компания кез келген уақытта Тапсырыс берушіні хабардар етпестен және себептерін түсіндірместен, Платформаға қол жеткізуді және оны пайдалану мүмкіндігін дереу тоқтата отырып, сондай-ақ Келісім бойынша алынғанды қайтарусыз және қандай да бір шығындарды, залалдарды өтеместен, соттан тыс біржақты тәртіппен Келісімді тоқтатуға құқылы, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, келесі жағдайларда:
- Платформаның жабылуы немесе жұмысын тоқтатуы;
- Тапсырыс берушінің немесе Тапсырыс беруші құрған Жоба Пайдаланушысының Қолданылатын қағидалар шарттарын және/немесе Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды кез келген, оның ішінде бір реттік бұзуы;
- Компанияның пікірінше, Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін жеткілікті болып табылатын өзге негіздер бойынша.
9.4. Осы Келісім Компаниядан Тапсырыс берушіге Платформаның және Сервистердің кез келген құрамдас бөліктеріне қандай да бір айрықша құқықтарды беруді немесе айрықша лицензия беруді көздемейді.
10.1. Компания Компания ұсынатын Платформаның және Сервистердің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін коммерциялық тұрғыдан негізделген күш-жігерді жұмсайды, алайда техникалық ақауларға, профилактикалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістердің болмауына, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерінің толық немесе ішінара жұмысқа қабілеттілігіне кепілдік бермейді. Жекелеген сервистерді пайдалану туралы келісімдерде сервис деңгейінің кепілдіктеріне қатысты шарттар көзделуі мүмкін. Компания Платформаның, Сервистердің немесе олардың кез келген элементтерінің болашақта нақты бір уақытта жұмыс істейтініне немесе олардың жұмысын тоқтатпайтынына кепілдік бермейді. Компания Серіктестер ұсынатын Сервистердің сапасы мен жұмыс істеуі үшін жауапты болмайды.
10.2. Платформаның, Сервистердің функциялары, соның ішінде барлық скрипттер, контент, жекелеген элементтер және Платформа мен Сервистердің безендірілуі «бар күйінде» ұсынылады. Компания Платформаның, Сервистердің немесе олардың элементтерінің белгілі бір пайдалану мақсаттарына сай келетініне ешқандай кепілдік бермейді. Компания Платформаны, Сервистерді және олардың жекелеген элементтерін пайдаланудан қандай да бір ерекше нәтижелерге кепілдік бере алмайды және уәде етпейді. Егер Компания ұсынатын Платформаны және Сервистерді пайдалану құқығы өтеусіз болса, Компания Платформаның, Сервистердің кез келген функцияларына, соның ішінде барлық скрипттерге, контентке, жекелеген элементтерге және Платформа мен Сервистердің безендірілуіне қатысты қандай да бір жауапкершілік көтермейді.
10.3. Компания Компания Сервистерін пайдалана отырып құрылған Тапсырыс беруші инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігі үшін жауапты болмайды.
10.4. Сервистер Тапсырыс берушіге халықаралық тәжірибеде жалпы қабылданған «AS IS» («Қалай бар, солай») қағидаты бойынша ұсынылады. Бұл Сервистерді пайдалану процесінде туындайтын мәселелер, қателер, іркілістер, соның ішінде Сервистердің кез келген басқа бағдарламалық өнімдермен үйлесімділігі мәселелері, Сервистерге арналған құжаттаманы екіұшты түсіндіруден туындайтын мәселелер, Сервистерді пайдалану нәтижелерінің Тапсырыс берушінің күткеніне сәйкес келмеуі және т.б. үшін Компания жауап бермейтінін білдіреді.
10.5. Егер Тараптар жеке келісімде тікелей өзгеше келіспесе, Компания Платформа Сервистерін пайдалана отырып құрылған операциялық жүйелер мен өзге сервистерді әкімшілендіруді және қолдауды жүзеге асырмайды.
10.6. Компания Тапсырыс берушінің немесе Пайдаланушының Ресей Федерациясының заңнамасын, Қолданылатын қағидаларды немесе Түпкі пайдаланушыларға арналған қағидаларды бұзуы жағдайында, сондай-ақ Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдарының тиісті сұрау салуларын/нұсқауларын алған жағдайда, Тапсырыс берушінің, Пайдаланушылардың Платформаға немесе жекелеген Сервистерге қол жеткізуін тоқтата тұру, шектеу немесе тоқтату нәтижесінде туындаған Тапсырыс берушінің ешқандай залалдары үшін жауап бермейді және оларды өтемейді. Компания қызметтер үшін алдын ала төлем есебіне алған ақша қаражаты Тапсырыс берушіге қайтарылмайды және Компания тарапынан жіберілген бұзушылық үшін айыппұл және осындай бұзушылықтарға байланысты Компания шеккен залалдардың өтемі ретінде толық көлемде ұсталып қалады.
11.1. Осы арқылы Тапсырыс беруші Компанияға Тапсырыс берушінің атауын, логотипін және/немесе өзге белгісін (бұдан әрі бірлесіп — «Белгілеу») маркетингтік мақсаттарда пайдалануға келісім береді. Мұндай пайдалану Компания Сайтындағы клиенттер тізімі бөлімінде Белгілеуді орналастыруды, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығын растау және Компанияның Тапсырыс беруші үшін жобаларды іске асыру тәжірибесінің бар екенін көрсету мақсатында Компанияның өзге маркетингтік және ақпараттық материалдарында пайдалануды қамтиды. Белгілеуді пайдалануға келісім лицензия беру болып табылмайды және Тапсырыс берушіге мұндай пайдалану үшін сыйақы немесе өзге өтемақы алу құқығын бермейді. Тапсырыс беруші Белгілеуге барлық қажетті құқықтарға ие екенін және Компанияға осы тармақта көзделген көлемде және мақсаттарда оны пайдалануға тиісті келісімді беруге құқылы екенін мәлімдейді және кепілдік береді. Тапсырыс беруші кез келген сәтте Компанияға Белгілеуді одан әрі пайдалануға келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жібере алады. Мұндай жағдайда Компания Тапсырыс берушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Белгілеуді пайдалануды тоқтатуға міндеттенеді.
11.2. Соттың заңды күшіне енген шешімімен белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған Келісімнің бір немесе бірнеше ережелерінің жарамсыздығы Тараптар үшін тұтастай алғанда Келісімнің жарамсыздығына әкеп соқпайды. Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған жағдайда, Тараптар Келісімді жасасу және/немесе келісілген түрде өзгерту кезінде Тараптар болжаған мәнге барынша жақын тәсілмен Келісім бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындауға міндеттенеді.
11.3. Осы Келісім және Тараптардың осы Келісімге және Сервисті пайдалануға байланысты өзара қатынастары Ресей Федерациясының заңнамасымен реттеледі.
11.4. Осы Келісімнің нысаны мен жасалу тәсіліне қатысты жария офертаны акцептеу арқылы шарт жасасу тәртібі мен шарттарын реттейтін РФ Азаматтық кодексінің («РФ АК») нормалары қолданылады.
11.5. Осы арқылы Тапсырыс беруші Компанияға Платформаны және Сервистерді Тапсырыс беруші пайдалануына байланысты жасалатын Келісім, жекелеген сервистерді пайдалану туралы келісімдер, маркетингтік акцияларды өткізу қағидалары немесе өзге де келісімдер мен саясаттар (Қолданылатын қағидалар) бойынша барлық құқықтар мен міндеттерді «Цифровое Облако» жауапкершілігі шектеулі қоғамына, ОГРН: 1197746546568 немесе Компанияның өзге аффилиирленген тұлғасына (бұдан әрі – «Құқық мирасқоры») беруге (талапты беруге және борышты аударуға), Тапсырыс берушіні мұндай беру туралы Жоба Иесінің электрондық пошта мекенжайы бойынша кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар ету шартымен (бұдан әрі – «Хабарлау кезеңі») келісім береді. Құқықтар мен міндеттердің Құқық мирасқорына берілуі Жоба Иесінің электрондық поштасына Тапсырыс берушіге жіберілген тиісті хабарламада көрсетілген сәтте жүзеге асқан болып есептеледі.
Тапсырыс беруші осы тармақта көрсетілген Хабарлау кезеңі аяқталғанға дейін Жоба Иесінің электрондық пошта мекенжайынан docs_vktech@vk.company электрондық мекенжайына Компанияға тиісті хабарлама жолдау арқылы Келісім бойынша құқықтар мен міндеттердің Құқық мирасқорына берілуінен бас тартуға құқылы. Мұндай хабарлама Жоба Иесінің электрондық пошта мекенжайынан жіберілген жағдайда жарамды болып есептеледі. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданылуы Компания мұндай хабарламаны алған сәттен бастап тоқтатылады. Құқықтар мен міндеттер Құқық мирасқорына берілген күннен бастап Құқық мирасқоры мен Тапсырыс берушінің барлық кейінгі қатынастарында Құқық мирасқоры Компания деп аталатын болады. Құқықтар мен міндеттер Құқық мирасқорына берілген күннен бастап Келісім бойынша және оған байланысты барлық өзара есеп айырысулар Тапсырыс беруші мен Құқық мирасқоры арасында жүзеге асырылады.
Осы арқылы Тапсырыс беруші Компанияға Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтер үшін алдын ала төлем ретінде Тапсырыс беруші Компанияның есепшотына енгізген және Келісім бойынша құқықтар мен міндеттер берілген сәтте жұмсалмаған ақша қаражатын Құқық мирасқорының есепшотына аударуға келісім береді. Тапсырыс беруші осы абзацта берілген келісімнің мұндай аудару үшін жеткілікті екенін, қосымша ерік білдіру талап етілмейтінін растайды.
Құқықтар мен міндеттер Құқық мирасқорына берілген сәттен бастап Тапсырыс берушінің Дербес шотындағы ақша қаражатын Құқық мирасқоры Сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтер құнын төлеу есебіне есептен шығара алады.
11.6. Реселлерлер арқылы қызметтер сатып алынған жағдайда Келісімнің және Қолданылатын қағидалардың қолданылуы
11.6.1. Егер Тапсырыс беруші Компания қызметтерін үшінші тұлғамен (Компанияның авторизацияланған серіктесімен (бұдан әрі – «Реселлер»)) жеке шарт жасасу арқылы сатып алса, осы Келісім, сондай-ақ интернет желісінде https://cloud.vk.com/docs/kz/start/legal/vk сілтемесі бойынша орналастырылған редакциядағы барлық өзге Қолданылатын қағидалар:
- 2025 жылғы «30» маусымға дейін немесе
- Реселлер мен Тапсырыс беруші арасында жасалған шартқа Қолданылатын қағидалардың редакциясын жаңартуға байланысты өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім жасалған күнге дейін,
қай күн бұрын орын алса, сол күнге дейін қолданылады.
11.6.2. Осы арқылы Тапсырыс беруші Келісімнің 11.6.1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындағаннан кейін Тапсырыс берушіге қатысты интернет желісінде https://cloud.vk.com/docs/kz/start/legal/digital-cloud мекенжайы бойынша орналастырылған Қолданылатын қағидалардың жаңартылған редакциясы қолданылатынымен келіседі. Бұл ретте ООО «ВК» орнына Келісім бойынша тарап ООО «Цифровое Облако» болады.
11.7. Тараптардың осы Келісім бойынша барлық даулары міндетті сотқа дейінгі (шағым беру) тәртіпті пайдалана отырып, хат алмасу және келіссөздер жүргізу жолымен шешілуге жатады. Егер екінші Тарап жазбаша талап-шағымды алған сәттен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде келіссөздер арқылы тараптар арасында келісімге қол жеткізу мүмкін болмаса, дауды қарау Компанияның орналасқан жері бойынша сотқа (істі кез келген өзге соттардың соттылығынан шығара отырып) кез келген мүдделі тараппен берілуге тиіс, егер қолданылатын заңнамада өзгеше көзделмесе.
11.8. Егер осы Келісімнің жекелеген ережелерінде өзгеше тікелей көрсетілмесе, Келісімді орындауға байланысты мәселелер бойынша Компанияның орналасқан жері бойынша мекенжайына: Ресей Федерациясы, 125167 Мәскеу қ., Ленинградский даңғылы, 39-үй, 79-құр., немесе support@mcs.mail.ru электрондық мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.
Редакциясы: 25.03.2026 ж.