VK Cloud logo

«Қосымшалар дүкені» Пайдаланушылық келісімі

Осы құжат «Қосымшалар дүкені» Пайдаланушылық келісімі (бұдан әрі — «Сервис») болып табылады және https://cloud.vk.com/docs/kz/start/legal/digital-cloud/legal-terms мекенжайында интернет желісінде орналастырылған VK Cloud Платформасын пайдалану шарттарының (бұдан әрі — «Пайдалану шарттары») ажырамас бөлігі болып табылады.

Сервисті пайдалана отырып, Пайдаланушы Пайдаланушылық келісімнің және Платформаны пайдалану шарттарының талаптарымен толық көлемде келіседі.

Терминдер

Пайдаланушылық келісімhttps://cloud.vk.com/docs/kz/start/legal/digital-cloud/marketplace мекенжайында интернет желісінде орналастырылған осы «Қосымшалар дүкені» Пайдаланушылық келісімі құжаты.

Қосымшалар дүкені / Сервис — Пайдаланушыларға осындай Бағдарламалық өнімдерге қолжеткізуді ұсыну мақсатында Компания жариялаған Бағдарламалық өнімдер каталогы Платформада орналастырылған.

Бағдарламалық өнім — бағдарламалық қамтылым немесе деректер жиынтығы болып табылатын, ол туралы ақпарат Сервисте орналастырылған және оған қолжеткізуді Бағдарламалық өнім Иесі Пайдаланушыларға ұсынатын кез келген өнімді білдіреді. Жекелеген жағдайларда Бағдарламалық өнім ретінде өзге қызметтер, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Пайдаланушы Сервис арқылы бөлек сатып алатын бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау қызметтері де түсінілуі мүмкін.

Бағдарламалық өнім Иесі/Иесі — Сервисте орналастырылған Бағдарламалық өнімге құқықтары бар заңды тұлға.

Келісім — Бағдарламалық өнім Иесі мен Пайдаланушы арасындағы заңдық тұрғыдан міндетті келісім, ол осындай Пайдаланушыға Бағдарламалық өнімді пайдалану үшін қарапайым (айрықша емес) лицензияны немесе Бағдарламалық өнімге қолжеткізу қызметін береді немесе өзге қызметтерді көрсету талаптарын қамтиды.

VK Cloud платформасы / Платформаhttps://cloud.vk.com сайты арқылы қолжетімді және Компания басқаратын, пайдаланушыларға Платформаның жекелеген сервистеріне қолжеткізу алуға мүмкіндік беретін ЭЕМ бағдарламасы.

Компания — Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес құрылған және өз қызметін жүзеге асыратын, мына мекенжай бойынша тіркелген «Цифровое Облако» ЖШҚ: Ресей Федерациясы, 125167, Мәскеу қ., вн.тнр.г. муниципалдық округ Хорошевский, Ленинградский даңғ., 39-үй, 80-құр., 1/9-бөлме.

Тарифтік жоспар — онда ықтимал опциялар мен қызметтердің тізбесі, сондай-ақ олардың құнын айқындау тәртібі көрсетілетін коммерциялық ұсыныстың нысаны.

Тарифтік жоспарға кіретін опциялар — тарифтік жоспарды құрайтын позициялар немесе қызметтер.

Тарифтік жоспар опцияларын өзгерту — жекелеген позиция, қызмет үшін тарифтік жоспарды бастапқы мәннен жоғары жаққа түрлендіруге мүмкіндік беретін қосымша мүмкіндік.

Пайдаланушы — VK Cloud Платформасында тіркелген және авторизацияланған жеке тұлға.

Тапсырыс — Пайдаланушының Сервис функционалын пайдалана отырып Бағдарламалық өнімге қолжеткізуге тапсырыс беруді жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері.