VK Cloud logo

Платформаны және Жеке кабинетті пайдалану шарттары

Осы құжат (бұдан әрі – «Шарттар») VK Cloud Платформасының Қызметтерін пайдалану туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, ол «Цифровое Облако» ЖШС (бұдан әрі – «Компания») мен Сіздің (бұдан әрі – «Тапсырыс беруші») арасында жасалады және Тапсырыс беруші мен Пайдаланушылардың VK Cloud Платформасы мен Жеке кабинетін пайдалану ережелерін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

1.1. Компания Тапсырыс берушіге Платформаға қолжетімділік береді, ол Тапсырыс берушіге Платформаның Қызметтеріне (Сервистеріне) қолжетімділік алу үшін Жеке кабинетті пайдалануға мүмкіндік береді.

1.2. Платформаны және Қызметтерді Тапсырыс беруші пайдалануы интерактивтік (онлайн) режимде Интернет желісі арқылы қосылу арқылы жүзеге асырылады. Платформаға және Қызметтерге «Интернет» желісі арқылы қолжетімділікті ұйымдастыру Тапсырыс берушінің міндеті және Компании­ның міндеттеріне кірмейді.

1.3. Платформаны пайдалану үшін Тапсырыс берушіге Платформада тіркеліп, Тіркелгі жасау қажет. Платформада Тіркелгі жасаған кезде Тапсырыс беруші арнайы терезеде өзінің логинін (электрондық пошта мекенжайын) және құпиясөзді екі рет енгізеді, сондай-ақ Қолданылатын ережелерге келісімін растайды. Тіркелуді растау үшін Тапсырыс беруші көрсеткен электрондық пошта мекенжайына Платформада Тіркелгі жасалғанын растайтын сілтеме бар хат келеді.

1.4. Авторизациялау және Платформаға кіру Сайт арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің логині мен құпиясөзін пайдаланып Платформада авторизацияланған тұлға осындай авторизациялау нәтижесінде пайдалану мен басқаруға қолжетімділік алынған тиісті тіркелгінің заңды иегері болып саналады.

1.5. Платформада авторизацияланғаннан кейін (Жеке кабинетке кіргеннен кейін) Тапсырыс беруші осы Шарттарды және Қолданылатын ережелерді сақтау шартымен Платформаны және Қызметтерді пайдалануға құқылы.

1.6. Қызметтерді қосу, баптау және басқару Тапсырыс берушімен Жеке кабинеттің құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қызметті пайдалану Тапсырыс берушіге тиісті Қызметке қашықтан қолжетімділік берілген сәттен басталады.

1.7. Платформа Тапсырыс берушіге келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • Платформаның функционалдық мүмкіндіктері аясында өзінің Тіркелгісін баптауларды жүргізу;
  • Платформаның функционалдық мүмкіндіктерін пайдаланып Жобаларды жасау және жою;
  • Платформа арқылы қолжетімді Қызметтерді, соның ішінде жасалған Жобаларға қосу, сондай-ақ қосылған Қызметтерді пайдаланудан бас тарту;
  • қажетті құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі бар жеке тұлғаларға (Пайдаланушылар) Жобалар аясында тіркелгілер жасау, сондай-ақ жасалған тіркелгілерді жою;
  • тіркелгілері жасалған тұлғаларға Платформаның Қызметтеріне қолжетімділік беру, көрсетілген Қызметтерге қолжетімділікті шектеу немесе жабу;
  • Жоба Әкімшісінің құқықтарын басқа бір тұлғаға беру, берілген құқықтардың көлемін Жобаны басқару құқығынан айыруға дейін өзгерту.
  • Ресей Федерациясының заңнамасымен және Қолданылатын ережелермен тыйым салынбаған, Платформаны және Қызметтерді пайдаланумен байланысты өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

2. Тапсырыс берушінің және Пайдаланушылардың міндеттері

2.1. Платформаны және Сервистерді пайдаланған кезде Тапсырыс беруші мыналарды міндеттенеді:

  • өзінің Жеке кабинетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оған үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген қолжетімділігін болдырмайтын тиісті шараларды өз бетінше қабылдау (атап айтқанда, құпиясөздің браузерде, оның ішінде cookies технологиясын пайдаланған кезде, үшінші тұлғалардың Тапсырыс берушінің компьютерлік құрылғысын мүмкін пайдалану кезінде сақталмауын бақылау). Тапсырыс беруші өзінің Жеке кабинетін пайдалану арқылы жасалған заңға қайшы әрекеттер үшін оларды өзінікі сияқты жауапкершілік көтереді.
  • Компани­ның барлық нұсқаулары мен талаптарын орындау;
  • Компани­ның талабы бойынша Тапсырыс беруші өзінің Тіркелгісін жасау/өңдеу кезінде көрсеткен тіркелгі деректерін, сондай-ақ Пайдаланушылардың Тіркелгілерінде көрсетілген тіркелгі деректерін растау;
  • Жобалардың Пайдаланушыларының Қолданылатын ережелермен таныс болуын және олардың ережелерін сақтауын қамтамасыз ету. Тапсырыс беруші Пайдаланушының Жеке кабинетін пайдалану арқылы жасалған заңға қайшы әрекеттер үшін оларды өзінікі сияқты жауапкершілік көтереді;
  • Қолданылатын ережелерде көзделген өзге де талаптарды сақтау және өзге де міндеттемелерді орындау.

2.2. Тапсырыс беруші тіркелу деректерінің (логин мен құпиясөздің) сақталуы мен құпиялығы үшін, сондай-ақ Тіркелгіге немесе Жеке кабинетке үшінші тұлғаларға қолжетімділік беру үшін өз бетінше жауапкершілік көтереді. Егер Тапсырыс беруші Тіркелгіні немесе Жеке кабинетті басқару бойынша қандай да бір құқықтарды үшінші тұлғаларға берсе, мұндай үшінші тұлғалар Шарттың және Қолданылатын ережелердің шарттарын сақтауға міндетті. Шарттың және Қолданылатын ережелердің шарттарын мұндай үшінші тұлғалардың хабардар ету міндеті Тапсырыс берушіде жатыр. Мұндай үшінші тұлғалардың Платформаны және Қызметтерді пайдаланумен байланысты кез келген әрекеттері үшін Комани­я алдындағы жауапкершілікті Тапсырыс беруші көтереді.

2.3. Жобаның Пайдаланушысы Жобаға байланыстырылған тіркелгіні Жоба Әкімшісі ашқаннан кейін Платформаға қолжетімділік алады. Пайдаланушының тіркелгісін жасау Жобаның Пайдаланушысының электрондық пошта мекенжайын логин ретінде көрсету және тіркелгі жасалғанын растау үшін Пайдаланушының оның электрондық поштасына түскен сілтемеге өту жолымен жүзеге асырылады. Пайдаланушы Платформада Жоба аясында логинді (оның электрондық пошта мекенжайын) және Жоба Әкімшісінен алынған құпиясөзді енгізу арқылы авторизацияланады.

2.4. Жоба Әкімшісі Жобаның Пайдаланушысына Платформаның бір немесе бірнеше Қызметіне қолжетімділік бере алады. Мұндай жағдайда Жобаның Пайдаланушысы тиісті Қызметтің Пайдаланушысы болып табылады.

2.5. Жобаның Пайдаланушысы Сайт арқылы, сондай-ақ тиісті Қызметке арналған мобильді қосымшаны пайдалану арқылы Платформада авторизациялануы мүмкін, егер мұндай мүмкіндік Платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен және Жобаның баптауларымен көзілген болса. Платформада авторизацияланған тұлға осындай авторизациялау нәтижесінде пайдалану мен басқаруға қолжетімділік алынған тиісті тіркелгінің заңды иегері болып саналады.

2.6. Жобаның Пайдаланушысының Платформада авторизациялануы мұндай тұлғаның Қолданылатын ережелерге келісімін білдіреді.

2.7. Жоба Иегері Жоба Әкімшісінің құқықтарын берген Жобаның Пайдаланушысы оған берілген мүмкіндіктерді Жобаның баптауларында көзілген құқықтар көлемінде жүзеге асырады. Жоба Әкімшісі Жобаның Пайдаланушыларының Қолданылатын ережелерді сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Егер Жоба Әкімшісі Жобаның Пайдаланушысының Қолданылатын ережелерді бұзу фактісін анықтаса, Әкімші мұндай Пайдаланушының тіркелгісін блоктауға және көрсетілген факті туралы Комани­яның қолдау қызметіне хабарлауға тиіс.

2.8. Платформаны және Қызметтерді пайдаланған кезде Пайдаланушы мыналарды міндеттенеді:

  • өзінің тіркелгісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оған үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген қолжетімділігін болдырмайтын тиісті шараларды өз бетінше қабылдау (атап айтқанда, құпиясөздің браузерде, оның ішінде cookies технологиясын пайдаланған кезде, үшінші тұлғалардың Пайдаланушының компьютерлік құрылғысын мүмкін пайдалану кезінде сақталмауын бақылау);
  • Комани­яның барлық нұсқаулары мен өкімдерін орындау. Пайдаланушы мұндай нұсқауларды орындамаған жағдайда Комани­яның Пайдаланушыға Платформаға, Қызметтерге немесе олардың жекелеген функцияларына қолжетімділікті тоқтата тұруға, шектеуге, беруді тоқтатуға құқығы бар;
  • Комани­яның талабы бойынша Пайдаланушының Тіркелгісінде көрсетілген тіркелгі деректерін растау;
  • Қолданылатын ережелердің мазмұнымен мерзімді түрде танысып, өзгерістерді бақылау.
  • Қолданылатын ережелерде көзделген өзге де талаптарды сақтау және өзге де міндеттемелерді орындау.

31.08.2026 ж. басылымы

Мақала пайдалы болды ма?