VK Cloud logo

Тарифтық опцияның YAML-файлыBeta

Әр тарифтік опция үшін мыналарды қамтитын жеке YAML-файл жасалады:

  • түбірлік секция;
  • schema секциясы;
  • billing секциясы.

YAML-файлдағы тарифтік опция параметрлерінің жалпы құрылымы:

# Түбірлік деңгейactions:   - ...  - ...# schema секциясы, тарифтік опция параметрлеріschema:  description: ""  hint: ""  type: ""  tag: ""  default:         # schema.type көрсетілген формат қолданылады  minimum:         # тек schema.type = integer үшін  maximum:         # тек schema.type = integer үшін  pattern:         # тек schema.type = string үшін  minLength:       # тек schema.type = string үшін  maxLength:       # тек schema.type = string үшін  enum: []         # schema.type-ға байланысты integer немесе string массиві  const:   datasource:    type: ""    value_is: ""    filter:      vcpus:       # тек schema.datasource.type = flavor үшін         minimum:         maximum:      ram:         # тек schema.datasource.type = flavor үшін         minimum:         maximum:      kind: ""     # тек schema.datasource.type = network үшін      shared:      # тек schema.datasource.type = network үшін      disk_class:  # тек schema.datasource.type = volume_type үшін        enum: []# billing секциясы, тарифтік опцияны тарификациялауbilling:  base:   cost:   unit:    size:     measurement: ""

Конфигурация түбіріндегі параметрлер

Атауы

Сипаттамасы

actions

Параметр опцияның тарификациялау тәсілін анықтайды.

Форматы: string.

Мүмкін мәндері:

  • Тегін немесе алдын ала төлемді тарификациялау үшін — бір немесе екі мән:

    • create — опция қызметке қосылғанда белсенді болады.
    • update — опция тарифтік жоспарды жаңартқанда белсенді болады.

    Егер опция белсенді болса, пайдаланушы оның мәнін өзгерте алады.

  • Кейіннен төлемді тарификациялау үшін — resource_usages

schema секциясының параметрлері

schema — тарифтік опцияның негізгі параметрлері белгіленетін міндетті секция.

Атауы

Сипаттамасы

description

Тарифтік опцияның атауы. Енгізу өрісінің немесе ауыстырғыштың үстінде көрсетіледі.

Форматы: string, 255 таңбаға дейін.

Кез келген типтегі тарифтік опциялармен үйлеседі.

Толық жолы: schema → description

hint

(міндетті емес)

Тарифтік опцияның сипаттамасы бар кеңес. Тарифтік опция атауының жанындағы кеңес белгісіне курсорды апарғанда көрсетіледі.

Форматы: string, 255 таңбаға дейін.

Кез келген типтегі тарифтік опциялармен үйлеседі.

Толық жолы: schema → hint

type

Тарифтік опцияның түрі.

Форматы: string.

Мүмкін мәндері:

  • string — мәтінмәні;
  • integer — сандық мәні;
  • boolean — ауыстырғыш.

Толық жолы: schema → type

tag

Тег — бірнеше опцияны бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Форматы: string.

Дискінің өлшемін белгілейтін datasource тарифтік опциясы үшін қолданылады.

Толық жолы: schema → tag

default

Тарифтік опцияның әдепкі мәні.

schema.type-та көрсетілген формат қолданылады.

Егер schema.type = integer болса, default мәні minimum-нан кем және maximum-нан үлкен болмауы керек.

Мәндердің берілген тізімін enum: [] қолданғанда, default-та осы тізімнің бір мәнін көрсету қажет.

datasource секциясын қолданғанда, default мәні тек мыналар үшін көрсетілуі мүмкін:

  • schema.datasource.type = az. Мүмкін мәндері: ms1 немесе gz1.
  • schema.datasource.type = volume_type. schema.datasource.filter.disk_class.enum массивінде көрсетілген мәндердің бірі көрсетіледі.

Егер billing секциясында base параметрі қолданылса, default мәні billing.base + schema.default * billing.unit.size формуласы бойынша қайта анықталады.

Толық жолы: schema → default

minimum

(міндетті емес)

Тарифтік опцияның ең аз мәні.

Форматы: integer.

schema.type = integer типті тарифтік опция үшін қолданылады.

Егер billing секциясында base параметрі қолданылса, minimum мәні billing.base + schema.minimum * billing.unit.size формуласы бойынша қайта анықталады.

Толық жолы: schema → minimum

maximum

(міндетті емес)

Тарифтік опцияның ең көп мәні.

Форматы: integer.

schema.type = integer типті тарифтік опция үшін қолданылады.

Егер billing секциясында base параметрі қолданылса, maximum мәні billing.base + schema.maximum * billing.unit.size формуласы бойынша қайта анықталады.

Толық жолы: schema → maximum

pattern

(міндетті емес)

Тарифтік опцияның мәні сәйкес келуі тиіс тұрақты өрнек (regex) форматындағы үлгі.

Форматы: string.

schema.type = string типті тарифтік опция үшін қолданылады.

Толық жолы: schema → pattern

minLength

(міндетті емес)

Тарифтік опцияның мәні үшін таңбалардың ең аз саны.

Форматы: integer.

schema.type = string типті тарифтік опция үшін қолданылады.

Толық жолы: schema → minLength

maxLength

(міндетті емес)

Тарифтік опцияның мәні үшін таңбалардың ең көп саны.

Форматы: integer.

schema.type = string типті тарифтік опция үшін қолданылады.

Толық жолы: schema → maxLength

enum

Пайдаланушы біреуін таңдай алатын мәндердің тізімі.

schema.type-та көрсетілгендей integer немесе string форматы қолданылады.

minimum, maximum, pattern, minLength, maxLength параметрлерімен үйлеспейді.

enum қолданғанда, schema.default-та осы тізімнің бір мәнін көрсету қажет

Толық жолы: schema → enum

const

Тарифтік опцияның өзгертуге болмайтын тұрақты мәнін белгілейді.

schema.type-та көрсетілген формат қолданылады.

default, minimum, maximum, pattern, minLength, maxLength, enum параметрлерімен үйлеспейді.

Толық жолы: schema → const

datasource секциясының параметрлері

datasource — schema секциясының ішіндегі қосымша секция. VK Cloud бұлттық ресурстарын: виртуалды машинаны, желіні, ішкі желіні және дискіні баптаумен тарифтік опция жасау үшін қолданылады.

Атауы

Сипаттамасы

type

VK Cloud нысанының түрі.

Форматы: string.

Мүмкін мәндері:

  • flavor — бұлттық платформаның пайдаланушы жобасында қолжетімді ВМ типтері.
  • az — бұлттық платформаның қолжетімділік аймақтары.
  • network — бұлттық платформаның жобасында қолжетімді желілер.
  • subnet — бұлттық платформаның жобасында қолжетімді ішкі желілер.
  • volume_type — дискінің түрі.

Пайдаланушыға қолжетімді нұсқалардың тізімі көрсетілген мәнге қарай автоматты түрде қалыптастырылады. Тізімдегі мәндерден пайдаланушы біреуін таңдай алады.

Толық жолы: schema → datasource → type

value_is

Қолжетімді нұсқаларды көрсету түрі.

Форматы: string.

Мүмкін мәндері:

  • uuid — желінің UUID-ін көрсету;
  • name — желінің атауын көрсету.

Толық жолы: schema → datasource → value_is

filter

VK Cloud нысандарының параметрлері негізінде қолжетімді мәндерді шектеу.

Форматы: object.

schema → datasource → type-та көрсетілген мәнге қарай әртүрлі параметрлері болуы мүмкін:

  • datasource.type = flavor үшін vcpus және ram;
  • datasource.type = network үшін kind және shared;
  • datasource.type = volume_type үшін disk_class.

Толық жолы: schema → datasource → filter

vcpus

vCPU санын шектеу (тек datasource.type = flavor үшін).

Форматы: object.

Бір немесе екі мәннен тұрады:

  • minimum — vCPU санының ең аз мәні;
  • maximum — vCPU санының ең көп мәні.

Толық жолы: schema → datasource → filter → vcpus

minimum (для vcpus)

vCPU ең аз санын шектеу.

Форматы: integer.

minimum мәні:

  • 0-ден үлкен;
  • vcpus үшін maximum мәнінен үлкен емес (қолданылса) болуы керек.

Толық жолы: schema → datasource → filter → vcpus → minimum

maximum (для vcpus)

vCPU ең көп санын шектеу.

Форматы: integer.

maximum мәні:

  • 0-ден үлкен;
  • vcpus үшін minimum мәнінен кем емес (қолданылса) болуы керек.

Толық жолы: schema → datasource → filter → vcpus → maximum

ram

RAM көлемін шектеу (тек datasource.type = flavor үшін).

Форматы: object.

Бір немесе екі мәннен тұрады:

  • minimum — RAM көлемінің ең аз мәні;
  • maximum — RAM көлемінің ең көп мәні.

Толық жолы: schema → datasource → filter → ram

minimum (для ram)

RAM ең аз көлемін шектеу.

Форматы: integer.

minimum мәні МБ есебінде көрсетіледі және:

  • 0-ден үлкен;
  • ram үшін maximum мәнінен үлкен емес (қолданылса) болуы керек.

Толық жолы: schema → datasource → filter → ram → minimum

maximum (для ram)

RAM ең көп көлемін шектеу.

Форматы: integer.

maximum мәні МБ есебінде көрсетіледі және:

  • 0-ден үлкен;
  • ram үшін minimum мәнінен кем емес (қолданылса) болуы керек.

Толық жолы: schema → datasource → filter → ram → maximum

kind

Пайдаланушы қандай типті желіні қолдана алады (тек datasource.type = network үшін).

Форматы: string.

Мүмкін мәндері:

  • external — тек сыртқы желілер;
  • internal — тек ішкі желілер;
  • all — барлық желілер.

Толық жолы: schema → datasource → filter → kind

shared

Желіні бірлесіп пайдалануды қосу немесе өшіру (тек datasource.type = network үшін).

Форматы: boolean.

  • true — желі барлық жобаларды пайдалануына қолжетімді;
  • false — желі тек пайдаланушы жобасында қолжетімді.

Толық жолы: schema → datasource → filter → shared

disk_class

Пайдаланушыға қандай типті дискілер қолжетімді (тек datasource.type = volume_type үшін). enum параметрінде тізім түрінде белгіленеді.

Форматы: object.

Толық жолы: schema → datasource → filter → disk_class

enum

Пайдаланушы таңдауына қолжетімді дискілердің string типті мәндерінің тізімі.

Форматы: list / array / sequence.

Мүмкін мәндері:

  • ceph-ssd — SSD типті диск;
  • ceph-hdd — HDD типті диск;
  • high-iops — High-IOPS SSD типті диск (өнімділігі жоғары SSD).

Толық жолы: schema → datasource → filter → disk_class → enum

billing секциясының параметрлері

billing — алдын ала төлемді және кейіннен төлемді тарифтік опцияларда тарификациялауды баптау үшін қолданылатын секция.

Ақылы тарифтік опциялар мынадай типті болуы мүмкін:

Атауы

Сипаттамасы

base

Тарифтік жоспардың құнына кіретін тарифтік опцияның стандартты мәні.

Форматы: integer.

Стандартты мән — пайдаланушы белгілей алатын ең аз мән.

Егер параметр белгіленбесе, тарифтік опцияның стандартты мәні 0-ге тең

Толық жолы: billing → base

cost

  • schema.type = integer үшін: тарифтік опцияны өзгерту қадамының құны. Қадам параметрлері unit секциясында анықталады.
  • schema.type = boolean үшін: опцияны қосу құны.

Форматы: float64.

Егер параметр 0-ге тең болса, опцияны өзгерту тегін.

Толық жолы: billing → cost

unit секциясының параметрлері

unit — billing секциясының ішіндегі қосымша секция. integer типті алдын ала төлемді және кейіннен төлемді тарифтік опцияны өзгерту қадамының параметрлерін баптау үшін қолданылады.

Атауы

Сипаттамасы

size

integer типті тарифтік опцияның мәнін өзгертуге болатын қадамның өлшемі.

Осы параметрде көрсетілген мән billig.cost параметрінде белгіленген құнға сәйкес тарификацияланады.

Кейіннен төлемді опция үшін 1 мәні көрсетіледі.

Форматы: integer.

Толық жолы: billig → unit → size

measurement

size параметрінде берілген қадамның өлшем бірліктері

Форматы: string (255 таңбаға дейін).

Толық жолы: billig → unit → measurement

Мақала пайдалы болды ма?