VK Cloud logo

Дісктер мен олардың суреттерін басқару

Параметрлердің толық сипаттамасы — Terraform провайдерінің құжаттамасында.

Диск томын жасау

Том жасау үшін жасалатын томның конфигурациясы сипатталатын volume.tf файлын жасаңыз. Төмендегі мысалдағы мәтінді қосыңыз және сіздің томыңызға арналған баптаулар мәндерін түзетіңіз. Осы мысалда ME1 қолжетімділік аймағында ceph-ssd түріндегі көлемі 1 ГБ диск томын жасау сипатталады.

Диск томын жасау үшін блоктық жад томын ұсынатын vkcs_blockstorage_volume ресурсы қажет болады. Блоктық жад томдарын жасауға, өзгертуге және жоюға болады.

resource "vkcs_blockstorage_volume" "volume" {  name = "volume"  description = "test volume"  metadata = {    foo = "bar"  }  size = 1  availability_zone = "ME1"  volume_type = "ceph-ssd"}

Мұнда:

  • name: томның атауы.
  • description: томның сипаттамасы.
  • metadata: том метадеректері үшін кілттер мәндерінің картасы.
  • size: (міндетті) томның гигабайтпен өлшенген өлшемі.
  • availability_zone: (міндетті) том сақталатын ДК-нің қолжетімділік аймағының атауы.
  • volume_type: (міндетті) томның түрі.

Өзгерістерді қолдану

Мысал мәтінін volume.tf файлына қосыңыз және келесі командаларды орындаңыз:

terraform init
terraform apply

Күй суретін (snapshot) жасау

Диск томының күй суретін жасау үшін жасалатын суреттің конфигурациясы сипатталатын snapshot.tf файлын жасаңыз. Төмендегі мысалдағы мәтінді қосыңыз және сіздің инфрақұрылымыңызға арналған баптаулар мәндерін түзетіңіз. Осы мысалда vkcs_blockstorage_volume.volume.id ресурсының ID-сы бар диск томының күй суретін жасау сипатталады.

Күй суретін жасау үшін блоктық жадтың күй суретін ұсынатын vkcs_blockstorage_snapshot ресурсы қажет болады. Блоктық жад томдарының күй суреттерін жасауға, өзгертуге және жоюға болады.

resource "vkcs_blockstorage_snapshot" "snapshot" {  volume_id = "${vkcs_blockstorage_volume.volume.id}"  name = "snapshot"  description = "test snapshot"  metadata = {    foo = "bar"  }}

Мұнда:

  • volume_id: (міндетті) күй суреті жасалатын томның ID-сы.
  • name: күй суретінің атауы.
  • description: күй суретінің сипаттамасы.
  • metadata: том метадеректері үшін кілттер мәндерінің картасы.

Өзгерістерді қолдану

Мысал мәтінін snapshot.tf файлына қосыңыз және келесі командаларды орындаңыз:

terraform init
terraform apply
Мақала пайдалы болды ма?