AD топтық саясаттарын баптау
Соңғы пайдаланушылар Windows ОС басқаруындағы виртуалды жұмыс үстелдеріне қосыла алуы үшін, Active Directory домен контроллерінің топтық саясаттарын баптаңыз.
Active Directory домен контроллерінде Group Policy Management оснасткасын іске қосыңыз.
Виртуалды жұмыс үстелдеріне орнатылған Cloud Desktop агентінің жұмыс істеуі үшін Windows Defender Firewall қызметін белсендіріп, онда TCP 16002–16005 және UDP 14010–14012 порттар топтары үшін кіріс қосылымдарына рұқсат беріңіз.
- Computer Configuration → Policies → Windows Security → Security Settings → Windows Defender Firewall with Advanced Security – Local Group Police Object бөліміне өтіңіз.
- Windows Defender Firewall Properties сілтемесіне өтіңіз.
- Domain Profile қойындысындағы Firewall state тізімінде
On (recommended)мәнін таңдап, OK батырмасын басыңыз. - Inbound Rules сілтемесіне өтіңіз.
- Бөлімнің контекстік мәзірінен New Rule… тармағын таңдаңыз.
- Port опциясын таңдап, Next батырмасын басыңыз.
- TCP және Specific local ports опцияларын таңдаңыз.
16002–16005мәндер ауқымын көрсетіп, Next батырмасын басыңыз.- Allow the connection опциясын таңдап, Next батырмасын басыңыз.
- Domain опциясын таңдап, Next батырмасын басыңыз.
- Ереже үшін атау көрсетіңіз (мысалы,
Cloud Desktop API Inbound TCP) және Finish батырмасын басыңыз. - Дәл осылай екінші ережені қосыңыз. Ол үшін TCP орнына UDP опциясын таңдап, порттар үшін
14010–14012мәндер ауқымын жәнеCloud Desktop API Inbound UDPереже атауын көрсетіңіз.
2. Виртуалды жұмыс үстелдеріне қосылуға арналған RDP сеансының қауіпсіздікті келісу механизмін баптаңыз
Виртуалды жұмыс үстелдеріне TLS шлюзі арқылы қосылу үшін Cloud Desktop агенті жағындағы терминалдық сеанс қорғау деңгейінің стандартты баптауларын өзгертіңіз.
- Computer Configuration → Policies → Administrative Templates → Windows Components → Remote Desktop Services → Remote Desktop Session Host → Security бөліміне өтіңіз.
- Require use of specific security layer for remote (RDP) connections тармағының контекстік мәзірінен Edit тармағын таңдаңыз.
- Enabled опциясын таңдаңыз.
- Security Layer параметрі үшін
RDPмәнін таңдаңыз. - ОК батырмасын басыңыз.
Cloud Desktop сервисіне арналған домен тобыңызға кіретін пайдаланушыларға RDP протоколы бойынша виртуалды жұмыс үстелдеріне қосылуға рұқсат беріңіз.
- Computer Configuration → Policies → Windows Security → Security Settings → Restricted Groups бөліміне өтіңіз.
<ИМЯ_ВАШЕГО_ДОМЕНА>\<НАЗВАНИЕ_ГРУППЫ_ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ_AD>тобынBUILTIN\Remote Desktop Usersстандартты тобының мүшелеріне қосыңыз.- Configuration → Policies → Administrative Templates → Windows Components → Remote Desktop Services → Remote Desktop Session Host → Connections бөліміне өтіңіз.
- Allow users to connect remotely using Remote Desktop Services тармағының контекстік мәзірінен Edit тармағын таңдаңыз.
- Enabled опциясын таңдап, ОК батырмасын басыңыз.