VK Security Gate орнату
VK Security Gate — бұл VK Cloud жобасындағы бөлек виртуалды машинаға орнатылатын қауіпсіздікті талдау платформасы, ол код сапасын автоматтандырылған бақылау мүмкіндіктерін ұсынады:
- кодты статикалық талдау (SAST),
- тәуелділіктерді талдау (SCA),
- құпиясөздерді іздеу,
- SBOM құру.
Сервис мүмкіндіктерін LLM-моделдерімен немесе CodeQL, Jira сияқты сіздің ішкі құралдарыңызбен интеграция арқылы кеңейтуге болады. Сервис туралы толығырақ VK Security Gate ресми құжаттамасында.
Сервисті пайдалана отырып, сіз Marketplace сервисінің лицензиялық келісімі мен VK Security Gate сервисінің лицензиялық келісімін қабылдайсыз.
VK Security Gate сервистін VK Cloud жобасында орнату үшін:
-
Тіркеліңіз және VK Cloud жеке кабинетіне өтіңіз.
-
Интернеттен сервиске қолжетімділік болу үшін желіні баптаңыз:
- Бұрыннан жасалмаған болса, интернетке қолжетімділігі бар желі жасаңыз.
- Сервис орнатылатын ВМ орналасатын ішкі желі баптауларында Приватный DNS опциясын өшіріңіз.
-
Қосымшалар дүкені бөліміне өтіп, бөлім бетінде Барлық шешімдер түймесін басыңыз.
-
VK Security Gate сервис карточкасында Толығырақ түймесін басыңыз.
-
Сервис сипаттамасы бар бетте Қосу түймесін басыңыз.
-
Тарифтік жоспарлар қойындысынан тізімнен сервис нұсқасын таңдаңыз.
-
Қолайлы тарифті таңдаңыз:
- VK Security Gate 10 — 10 репозиторийге дейін және 1 000 000 жол кодқа дейін.
- VK Security Gate 50 — 50 репозиторийге дейін және 5 000 000 жол кодқа дейін.
- VK Security Gate 200 — 200 репозиторийге дейін және 20 000 000 жол кодқа дейін.
- VK Security Gate 500 — 500 репозиторийге дейін және 50 000 000 жол кодқа дейін.
-
Параметры сервера бетінде деректерді енгізіңіз.
-
Сервис орнатылатын виртуалды машинаның параметрлерін көрсетіңіз:
- Зона доступности: ВМ іске қосылатын қолжетімділік аймағын таңдаңыз.
- Тип виртуальной машины: алдын ала орнатылған ВМ конфигурациясын таңдаңыз. VK Security Gate 200 және VK Security Gate 500 жоспарлары үшін
STD3-16-64қалдырыңыз: бұл жоспарларға кемінде 16 ядро және 64 ГБ жад қажет. - Сеть: бұрыннан жасалған интернетке қолжетімділігі бар желіні және Приватный DNS опциясы өшірілген ішкі желіні таңдаңыз.
-
Жүйелік диск пен деректері бар дисктің параметрлерін көрсетіңіз.
- Размер диска: ВМ дискісінің қажетті өлшемін гигабайтпен көрсетіңіз. Дискіде осалдықтар базасы, Kafka, MinIO және сканерлеудің жұмыс каталогтары сақталады, сондықтан өлшемі 100 ГБ-дан кем болмауы керек.
- Тип диска: диск түрлерінің бірін таңдаңыз —
HDD,SSDнемесеHigh-IOPS SSD. Қарқынды жүктеме үшінHigh-IOPS SSDтаңдаңыз.
-
-
Следующий шаг түймесін басыңыз.
-
Параметры продукта қадамында параметрлерді көрсетіңіз:
- E-mail администратора: жұмыс адресін көрсетіңіз. Ол администратордың логині болады.
- Домен, сертификат и публичный адрес: өнімге интернеттен қол жеткізілсе, опцияны қосулы қалдырыңыз. Опцияны өшірген жағдайда өнім ішкі желідегі өзі қол қойған сертификаты бар ВМ-нің IP-адресі арқылы ғана қолжетімді болады.
- Сеть мониторинга: сервиске тек таңдалған ішкі желіден қолжетімділік ашу үшін
subnetмәнін көрсетіңіз немесе қосымшалар жұмыс істейтін10.20.0.0/16түріндегі желі ауқымын қойыңыз. Ішкі желі адресін жеке кабинеттен көруге болады. Метрикалар құпиясөзсіз беріледі, сондықтан ауқымды тарылту жақсы.
-
(Қалауыңыз бойынша) Интеграции қадамында қажетті интеграцияларды қосыңыз:
-
Отправка почты: шақыру хаттарын және құпиясөзді қалпына келтіру хаттарын алу қажет болса, қосыңыз. Пошта болмаса, шақыру — администратор пайдаланушыға өзі жеткізетін сілтеме. Пошта жіберу параметрлерін қойыңыз:
- SMTP-сервер: SMTP-серверіңіздің атын немесе IP-адресін көрсетіңіз, мысалы
smtp.example.com. - Порт SMTP:
465мәнін қалдырыңыз. Тек логин мен құпиясөзі бар SSL (жасырын TLS) қолдау көрсетіледі. - Логин SMTP: SMTP-серверіне кіру үшін қолданылатын тіркелгіңізді көрсетіңіз.
- Пароль SMTP: тіркелгіңіздің басқару таңбаларысыз құпиясөзін көрсетіңіз. Кері қиғаш сызық құпиясөздің соңында немесе жалқы тырнақшаның алдында тұра алмайды.
- Адрес отправителя: хаттар жіберілетін адресін көрсетіңіз, мысалы
secgate@example.com.
- SMTP-сервер: SMTP-серверіңіздің атын немесе IP-адресін көрсетіңіз, мысалы
-
CodeQL: GitHub-тың CodeQL анализаторы қажет болса, опцияны қосыңыз. Ол жеткізілімге кірмейді, оған лицензияны сіз өзіңіз аласыз.
- Ссылка на архив CodeQL: Linux үшін
tar.gzформатындағы CodeQL архивініе тікелей https сілтемесін көрсетіңіз: GitHub релизі, сіздің серверіңіз немесе Object Storage-тағы нысанға уақытша сілтеме. Серверге бұл адреске қолжетімділік қажет. Сервер архивті өзі жүктеп алады.
- Ссылка на архив CodeQL: Linux үшін
-
AI-триаж находок: табылдықтарды тіл моделі арқылы талдағыңыз келсе, опцияны қосыңыз. OpenAI-мен үйлесімді API-і бар кез келген модель жарамды. Табылған құпиясөздерді модель автоматты түрде талдайды, қалған табылдықтар — табылдық карточкасындағы түйме арқылы. Модель табылдықтардан код фрагменттерін алады, сондықтан оны код қайда бағытталатынын ескере отырып таңдаңыз.
- Адрес модели:
/v1сіз базовый адресін көрсетіңіз, мысалыhttps://llm.example.com. - Имя модели: атауын API қабылдайтын түрде көрсетіңіз, мысалы
gpt-4o-mini. - Ключ API модели: модельге кіру кілтін көрсетіңіз. Егер модельге кілт қажет болмаса, әдепкі мәнді қалдырыңыз.
- Разбирать все SAST-находки автоматически: опцияны өшірулі қалдырыңыз. Модельдің әрбір жаңа SAST табылдығын талдауы үшін оны қосыңыз: модельге жасалатын сұраныстар шығыны табылдықтар санына байланысты өседе.
- Адрес модели:
-
Jira: табылдықтар бойынша тапсырмалар жасағыңыз келсе, опцияны қосыңыз. Тек Jira Data Center және Jira Server қолдау көрсетіледі, Jira Cloud жарамайды.
- Адрес Jira:
/restәдетегі адресін көрсетіңіз, мысалыhttps://jira.example.com. - Персональный токен доступа: Jira-да Profile → Personal Access Tokens бөлімінде токен жасаңыз. Оны тек қажетті жобаларға қолжетімділігі бар бөлек тіркелгіден шығарған дұрыс: осылайша өнім қажеттіліктен артық құқық алмайды.
- Адрес Jira:
-
-
Следующий шаг түймесін басыңыз.
-
Сервисті орнатуға арналған инфрақұрылымның құнымен танысып, Подключить тариф түймесін басыңыз.
Бұлттық инфрақұрылымды орнату басталады және сервис қасиеттерінің беті ашылады. Процесс статусы Қосымшалар дүкені → Мои сервисы бөлімінде де көрсетіледі.
Сәтті орнатудан кейін VK Cloud байланыстырылған поштаңызға хабарламалар келеді:
- VK Cloud жеке кабинетіндегі сервис инстансына сілтемесі бар хабарлама;
- сервиске кіру деректеріне бір реттік сілтемесі бар хат.
-
Хаттағы бір реттік сілтеме арқылы өтіп, сервиске кіру деректерін сақтаңыз:
productURL— сервис веб-интерфейсінің адресі;adminEmailжәнеadminPassword— администратордың логині мен құпиясөзі;statusURL— интеграциялар күйі бетінің адресі.
-
Хаттағы
adminEmailлогині жәнеadminPasswordқұпиясөзі арқылыproductURLадресі бойынша VK Security Gate сервисінің веб-интерфейсіне өтіңіз. -
(Қалауыңыз бойынша) қосылған интеграциялардың күйін тексеріңіз:
-
Браузерде
statusURLадресін ашыңыз, тіркелгі деректерін енгізудің қажеті жоқ. -
Бетте көрсетілген JSON файлының мазмұнын қарап шығыңыз.
mail,codeql,aiжәнеjiraпараметрлері үшін мына мәндердің бірі көрсетілуі керек:ok— интеграция қосылған,disabled— интеграция өшірілген,downloading— сервер CodeQL архивін жүктеп алады,error— қосу немесе қойылған параметрлерде қате. Сервис баптауларындағы қосу параметрлерінің мәндерін түзетіңіз.
Қосылған интеграциялар өнімде көрінеді:
- Jira: веб-интерфейсте Администрирование → Менеджеры задач → Jira ашыңыз, конфигурация жасап, оны жобамен байланыстырыңыз;
- CodeQL: жаңа сканерлеулерде бірнеше минуттан кейін
codeql-<ЯЗЫК>тапсырмалары пайда болады. Аяқталған сканерлеулер қайта есептелмейді.
-