Кластерлерді қолжетімділік аймақтары арасында миграциялау
Кластерді қолжетімділік аймақтары арасында миграциялау үш қадамда жүреді:
-
Миграция сіздің кластерлеріңіздің жұмыс жүктемесіне (workload) әсер ететінін анықтаңыз. Ол үшін қолжетімділік аймағы көрсетілген-көрсетілмегенін тексеріңіз:
- под жоспарлау ережелерінде:
nodeAffinity,topologySpreadConstraintsнемесеnodeSelectorпараметрлерінде;
Егер қолжетімділік аймағы көрсетілмесе, басқа қолжетімділік аймағына тасымалдау сіздің жұмыс жүктемеңізге ешқандай әсер етпейді және сізден тасымалдау бойынша қосымша әрекеттер талап етілмейді.
- под жоспарлау ережелерінде:
-
Егер кластердің жұмыс жүктемесі қолжетімділік аймағына тәуелді болса, оны өз бетіңізше немесе VK Cloud тарапынан кластер ресурстарын миграциялау жұмыстары басталмай тұрып, немесе кейін көшіріңіз.
Өз бетіңізше көшіру кезінде жұмыс жүктемесін тоқтатуға тура келеді.
-
VK Cloud қызметкерлері кластер ресурстарын көшіргенше күтіңіз:
- master-түйіндер,
- worker-түйіндер топтары,
- ВМ,
- дискілер,
- жүктеме балансирлеушілері.
Кластер жұмыстар кезінде қолжетімді болады, миграция live migration форматасында жүреді. VK Cloud қызметкерлері жұмыстардың басталуы мен мерзімі туралы сізге пошта арқылы хабарлайды.